Қоғамдық палата

4 ай бұрын үйленген жас жұбайлар өз-өзіне қол жұмсады

  • 4 ай бұрын үйленген жас жұбайлар өз-өзіне қол жұмсады

    4 ай бұрын үйленген жас жұбайлар өз-өзіне қол жұмсады

 Арқалық қаласындағы Торғай гуманитарлық колледжінің екі студенті, жақында ғана шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты Мұстафа мен Индира өз-өздеріне қол жұмсап, бақилық болған. Марқұмдардың мұндай әрекетке баруына қандай себеп түрткі болғанын түсінбеген ұстаздары мен достары, туыстары қайғыдан қан жұтып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Жақындарының қабырғасын қайыстырған қос бірдей жастың қазасы 30 сәуір жексенбі күні Арқалық қаласында болыпты. Жас жұбайлардың мүрдесін сол күні түстен кейін туыстары өздерінің үйлерінің гаражынан тауып алған.


Мұстафа мен Индира осыдан тура 4 ай бұрын үйленіпті. Олар Мұстафаның үйінде анасымен бірге тұрып жатқан екен. Ал, жас жігіттің әкесі бірінші курста оқып жүргенде бақилық болыпты.


«29 сәуірде біздің колледждің базасында областық семинар өтті. Сонда екеуі де өткізілген ашық сабақтарға белсенді қатысты. Біз олардың бұл өмірде енді жоқ дегенге әлі сене алмай жүрміз. Қазір полиция «өз-өзіне қол жұмсау» дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Артық ештеңе айтпайды», – дейді Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова.


«Дене шынықтыру» мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатқан жас жұбайлар өздерінің ұстаз боламыз деген армандарын қара жер қойнына бірге ала кетті. Екеуі де білім алып жатқан колледждің қоғамдық өмірінде айталықтай орындары бар белсенді студенттер болатын. Индира волейболдан, Мұстафа футбол ойындары бойынша бір талай жетістікке қол жеткізген. Қос ғашықтың өмірінде ешқандай келеңсіздік болмапты. Тіптен, сол күні Индираның кенже інісі әскерден келетін күн екен. Ол бұл сәтті ұзақ күтіпті.


Бұл деректі облыстық ІІД растап отыр.


«Арқалық қаласында өз-өзіне қол жұмсаған жігіт пен бойжеткеннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамар алынды», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Айгүл Балғабаева.


Мешіт ҒАЗИЗ


Baq.kz


 




Көрілген: 1043    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.05.2017, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30