Қоғамдық палата

EXPO-2017 көрмесіне Тарбағатайдың алып асығы қойылады

  • EXPO-2017 көрмесіне Тарбағатайдың алып асығы қойылады

    EXPO-2017 көрмесіне Тарбағатайдың алып асығы қойылады

Биылғы жылы Елордада өтетін EXPO-2017 көрмесіне Тарбағатай ауданындағы Әулие Ырғызбай кешенінде құралған алып асық апарылатын болды. Бірегей туынды 50 мың асықтан құралған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Әулие Ырғызбай кешенінің директоры Болат Құнанбайұлы асықты 16 жыл бойы жинаған екен. 



– Асық саны 25 мыңға жуықтағанда Гиннесс рекордтары кітабына ену үшін өтініш жаздым. Екі айдан кейін «Асық саны сіздей көп адам жоқ. Рекордтар кітабына енгізуге болады» деген жауап алдым. Гиннесс рекордтары кітабының Астанадағы филиалы мені шақырып, асықтардың енгені туралы сертификатты табыс етті, – дейді Болат Құнанбайұлы.


Ақырында, жинай келе Болат Құнанбайұлы асықтардан туынды құрастырып шығаруды ойлатырған. Осы мақсатта жарты жылын жұмсап, алып асықты құрастырып шығарған екен.


– Асықты дұрыс сақтамасаң шіріп кетеді. Қой сойғаннан кейін асықты жіліктен екі асық шығады. Басқа да жинаған асықтармен қосып қазандағы қайнаған суға салып, қара тұз қосып, 3-5 сағат аралығында қайнатамыз. Тұз асықтың майын сорып алады, – дейді кешен директоры.



Қазіргі таңда алып асық Әулие Ырғызбай кешенінде тұр. Жуырда EXPO-2017 көрмесіне жөнелтілетін болады.


Аян Өрібаев


buqara.kz




Көрілген: 633    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 11.05.2017, 18:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28