Қоғамдық палата

Абзал Нүкенов форумға қатысушы жастарды Елбасының мақаласын оқуға шақырды

  • Абзал Нүкенов форумға қатысушы жастарды Елбасының мақаласын оқуға шақырды

    Абзал Нүкенов форумға қатысушы жастарды Елбасының мақаласын оқуға шақырды

Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Еріктілер бағдарламасының қолдауымен БҰҰ өкілдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық форум өтті.

Шараның мақсаты – жастардың бейбітшілік пен жаһандық дамуға қосқан үлесі, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жастар мен Үкімет, оқу орындары, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге назар аудару.

«Азаматтығына немесе ұлтына қарамастан барша жастар үшін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқу болашақты бағдарлау тұрғысынан маңызды екенін атап өткім келеді. Мақалада жазылған құнды ойлар мен ұсыныстарды ой елегінен өткізу жастардың болашақта табысты болуының маңызды кепілі болмақ», - деп атады Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов.

Шараның маңыздылығын айта келе А.Нүкенов форумда айтылған идеялар жастар саясатының халықаралық және ұлттық қатысушыларының өзара ықпалдастығын нығайтып, жастардың мүдделерін одан әрі дамытатын жаңа идеялар туындауға мүмкіндік беретінін атады.

Форум барысында Алматыдан, Қызғызстаннан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан іс шараға қатысушы жастар телекөпір арқылы байланысқа шығып, ынтымақтастығы мен бірлігін білдірді.

Халықаралық жастар күнінің 2017 жылғы тақырыбы - «Жастар бейбітшілікті қалайды». Бұл жастардың қақтығыстардың алдын алудағы және әлемдегі бейбітшілікті нығайтудағы бастамаларын қолдауға бағытталған.




Көрілген: 191    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр, 13:57
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31