«Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының салтанатты рәсімі өтті

«Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының салтанатты рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасына сәйкес Алматы қаласы колледждерінде «Адал ұрпақ» еріктілер колледж клубтарының құру мен олардың мүшелерін қабылдаудың салтанатты рәсімі өткізілді.


Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, білім мекемелерінің қызметкерлері, колледждің оқушылары мен тәрбие жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.


Салтанатты рәсімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров алғы сөзбен ашып, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы білім саласында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саяси-құқықтық білімі мен жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік этикалық негіздерін қалыптастыруға және рухани-адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды ұйымдастыруда атқаратын рөлі айрықша екендігіне тоқталды.
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева өз баяндамасында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеиетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында қаламызда 201 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, оның мүшелері бүгінгі күні 45 000–ға жетіп отыр. 2016 жылдан бастап, бағдарламаның 13 бөліміндегі тапсырмалар клуб мүшелері тарапынан толығымен орындалды. Бағдарламаның кейбір бөлімдеріндегі «Парасатты азамат» бұрышын жасау, «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауларына оқушылар түгелдей қатысты. Оқушылар сарайында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» байқаудың үздік суреттерінен үлкен көрме ұйымдастырылып, бір апта бойы қала тұрғындарына көрсетілді. Сонымен қатар, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының маусым және қыркүйек айларында қалалық слеті өткізіліп 500 астам оқушылар қатысты деп атап өтті.
Жиын барысында Алматы қаласы колледждерінде «Адал ұрпақ» еріктілер колледж клубтарының құру мен олардың мүшелерін қабылдаудың салтанатты рәсімі өткізілді.
Алматы мемлекеттік полиграфия колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Марат Қалимолдин «Адал ұрпақ» еріктілер клубы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға, оқушылардың билік институттарымен өзара әрекет жасауға мүмкіндік туып отырғандығына тоқталды. Сондай-ақ жиынға қатысқан колледж оқушылары «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алдағы уақытта жоспарланып отырған модельдік тәрбие жұмыстарының жоспарларымен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.

Елнар Игіліков,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста