Қоғамдық палата

Ақмолада «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсының финалы өтті

  • Ақмолада «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсының финалы өтті

    Ақмолада «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсының финалы өтті

Ақмола облысы Арнасай ауылында «Болашаққа қадам» республикалық жобасы аясында бизнес жобалардың байқауы өтті. Оған қатысуға еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық өтініш түсіп, 30-ы ақтық кезеңге шықты. Олар өз идеяларын комиссия мүшелерінің алдында қорғады, - деп хабарлайды Алаш айнасы сайты.

«Жұмысқа орналастыру қызметін ұйымдастыру» жобасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің гранты негізінде және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында 2017 жылдың сәуір айынан бері «Әйел сәулесі» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның волонтерлар альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп жүзеге асыруда.




Жобаның мақсаты – «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсын өткізу арқылы Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін ауыл аумағында өздерінің жобалық бизнес тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндігін беру және ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту.


Жоба аясында 2017 жылдың 17-20 шілдесі аралығында «Ұлттық жасыл технологиялар академиясы» аумағында (Ақмола облысын, Арнасай ауылы, Қарағанды тас жолы бойында Астанадан 30 шақырым жерде орналасқан) оқыту мектебі және «Болашаққа қадам» республикалық бизнес жобалар конкурсының финалы өтті. 




Жобалар жәрмеңкесінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов мұндай іс-шаралардың бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін өзекті әрі маңызды екендігін атап өтті.

«Жалпы, ағымдағы жылы Министрліктің қолдауымен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 588 млн теңгені құрайтын 55 грант жүзеге асырылуда. Азаматтарды жұмысқа орналастыру механизмін жетілдіруге бағытталған жоба бір уақытта кәсіпкерлік белсенділікті және елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігін қолдауымен ерекшеленеді. Мұндай жобалар мемлекеттік органдардың және бизнес қауымдастықтың қолдауын қажет етеді", - деді вице-министр.

Қорытындысын шығарғаннан кейін 20 шілде күні екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, қаржылық қолдауы 500 мың теңгені құрайтын «Бизнесті бастау» және қаржылық қолдауы 700 мың теңгені құрайтын «Бизнестің өсуі» гранттарын алады.


Таңат Жайлау




Көрілген: 297    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 24.07.2017, 13:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30