Қоғамдық палата

Ақмоладағы Еңбекшілдер ауданында фермерлер қоғамдық бірлестігінің жиыны болды

  • Ақмоладағы Еңбекшілдер ауданында фермерлер қоғамдық бірлестігінің жиыны болды

    Ақмоладағы Еңбекшілдер ауданында фермерлер қоғамдық бірлестігінің жиыны болды

«Қазақстанның фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып отырған жұмысы бүгінгі таңда өте маңызды десек те болады. Жақында Ақмола облысындағы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстанның фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Жиын туралы айтпас бұрын «Қазақстан фермерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі туралы айтып өтейік. Бұл одақ Қазақстан Республикасының азаматтарының еріктілік, мүшелерінің тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, есептілік және қызметтің жариялығы негізінде құрылған ерікті бірлестік. «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  2003 жылдың ақпан айында құрылды. Қазақстан фермерлер одағы экономиканың аграрлық секторының үкіметтік емес ұйымдарының өкілі.  Одақ Қазақстанның барлық облыстарының 10,5 мыңнан астам фермерлерін біріктіреді. Ұйымдастыру құрылымына 8 облыстағы филиалдары мен 5 облыстағы өкілдіктері кіреді.


Мемлекеттік және мемлекеттік емес ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен басқа да агроөнеркәсіптік кешеннің қатысушыларын қолдау жүйесін жетілдіруге жан-жақты көмек көрсету, сонымен қатар, техника мен құрылғылар лизингін дамыту, фермерлердің қаржы ресурстары мен жаңа технологияларға қол жетімділігін кеңейту сияқты шаруалар қоғамдық бірлестіктің ең басты қызмет нысаны десек те болды.


Қоғамдық Бірлестіктің негізгі мақсаты фермерлердің және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының қызметін жүзеге асыру мен дамытуға ішкі және сыртқы нарықтардың тағам өнімдеріне, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы қолайлы жағдай жасау.  Және де фермерлерді өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға шоғырландыру, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың мақсатты бағдарламарын әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету.

Ал енді ауданда болған жиын жайлы айтар болсақ жиналысқа ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері, аудандық қызмет басшылары, аудандық дербес бөлімдер басшылары, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары шақырылды. Аталған мәжіліске «Қазақстанның фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Сатыбалды Жұмағатов та қатысып отырды. 


Мәжілісте Фермерлер Одағы өкілдерінің аймақтарда жүргізген жұмыстарының қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. «Қазақстанның фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Сатыбалды Жұмағатов аталған мәселелер бойынша сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қазақстанның фермерлер Одағы Кеңесінің жаңа құрамын сайлау жайы да қарастырылды.


Таңат Жайлауов

Алаш айнасы


 




Көрілген: 225    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 17:59

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30