Қоғамдық палата

Ақпараттық қауіпсіздікті қадағалау өте маңызды

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қадағалау өте маңызды

    Ақпараттық қауіпсіздікті қадағалау өте маңызды

Қазіргі заман ақпараттар ағынының заманы. Сондықтан да әр мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қадағалап отыруы өте маңызды. Осы ретте де біздің елімізде де ақпарат құралдарының жұмысы сүзгіден өтіп, зерттеу жүргізіліп отырады. 


Қазақстанда ағымдағы жылы заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталған. Мұндай деректерді Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі келтіріп отыр.

Ведомстваның ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мамандары ғаламтордағы 5527 ақпарат ресурстарына зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, олардың ішінде 2487 заңсыз материалдардың бар екендігі анықталған. Заңбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша жасалған сараптамалық қорытындылар - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне аталған сайттарды бұғаттау және тиісті техникалық шараларды қабылдау үшін жіберілді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни әдебиеттер және өзге де діни мазмұндағы материалдар мен нысандарға діни сараптама жүргізді. Атап айтқанда, 2017 жылы 3495 материал діни сараптамадан өтіп, оның ішінде 179 нысанның заң бұзушылық бағыттағы қызметі анықталған.

Діни сараптама жүргізудің негізгі міндеті - Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу болып табылады.




Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар анықталған жағдайда діни сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес, оны республика аумағында пайдалануға және таратуға рұқсат етілмейді.

Қазіргі уақытта діни қызметті реттейтін заңнамаға түзетулер енгізу жөніндегі құжаттар әзірленді. Оның негізінде 9 Заңға және 2 Кодекске жалпы саны 52 түзетулер енгізу қарастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аталған Заң жобасында ата-аналар немесе кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдерінің тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдаланатын әдебиеттер мен материалдарын, сондай-ақ, діни білім беру ұйымдарында ресми түрде оқитын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынатын норма ұсынылған.




Көрілген: 211    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 11:50

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30