Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді (фото)

Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді (фото)

 Егіз жігіттер Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлылар егіз қыздар Асыл мен Айым Биназароваларға үйленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы егіз жігіттердің ағасы Сұлтан Ұзақбаев хабарлады. Оның айтуынша, той 2015 жылдың 9 қазанында Ақтауда өтеді. Кеше, 4 қазанда Асыл мен Айымның ұзату тойы өтті.

Ұзақбаевтың айтуынша, жастар Орал қаласында танысқан. Айта кетейік, жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты. "Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. "Сенің егізің бар ма?" деп сұрайды. Ол "иә" деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтыпты", - дейді егіздердің ағасы.

Айта кетейік, Айым да Асылдан кіші. Бұл оқиғалар 2014 жылы болыпты. Қалаға жігіттер оқуға келген. Олар Батыс Қазақстан облыстық Жәңгір хан атындағы университеттің студенттері. Мамандықтары - мал дәрігері. Ал қыздар мұғалім оқуында. "Біз оларға Маңғыстау облысы бойынша егіз қыздарды іздедік. Бірақ олар қалыңдықтарын Оралдан тапты", - деп әзілдеді Сұлтанбек.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста