Қоғамдық палата

Ақтөбе облысында су тасқыны қатеріне байланысты жүздеген адам эвакуацияланды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету шаралары туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі орталыққа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, Ақтөбе су қоймасы жобаға сәйкес 245 миллион м3, 100 пайызға 6 жоба қуаттылығы 280 миллион м3 болатын Қарғалы су қоймасы жобаға сәйкес, 66 пайызға толық немесе 184 млн м36 Сазды су қоймасы жобаға сәйкес 7,5 миллион м3 (реконструкциядан кейін), 100 пайызға толтырылған.


Департамент басшылығын Тамдинка, Жіңішке, Жаман - Қарғалы салаларынан реттелмейтін ағындар түсетін Елек өзенінің аңғарында орналасқан баубақша ұжымы алаңдатады. Мұнда 3 ірі өзеннің тоғысқан жеріндегі жалпы су көлемі - 595 м3/с.


"Біз халықты әлеуметтік желілер, теледидар арқылы хабардар етіп, смс хабарламалар жібердік. Сонымен қатар, үйлерді аралап эвакуация кезінде алдын алу шараларын қабылдаудың қажеттігі туралы ескерттік. Елек өзенінің екі жағасына да құлақтандыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық заттарды шығарысу көмегі мен уақытша орналастыру бекетіне дейін жеткізу топтары жіберілді. 600 үй құлақтандырылып, өзеннің тасқын қауіптілігі бар сағасында тұратын 522 адам қауіпсіз жерге көшіруден бас тартты. Қазіргі таңда Елеке өзенінің сағасында орналасқан саяжайлардағы 45 үйді су басқан. 227 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді, 6 адам уақытша орналастыру бекеттерінде, олардың ішінде екі бала бар. 129 адам туыстарының үйлеріне орналасты, 385 адам Елеке өзенінен өткізілді", - деп хабарлады Сыздықов.


Орталықтың мәліметінше, апаттық-құтқару жұмыстарына 349 адам, 121 бірлік, 4 жүзу құралдары тартылды. 24 наурыздан бастап өңірде 13 тасқынға қарсы штаб құрылып, тұрғындардан 1543 тапсырыс түсті, 3398 тонна инерттік материал тиеліп, 194,2 мың м3 су айдалды, 4100-ден аса ыдыс-қап төселді, Ақтөбе қаласы мен облыстағы елді мекендерден 610 000 текше метр қар шығарылды.

 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 15.04.2017, 17:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30