Қоғамдық палата

Ақтөбеде полицейлер кеудесіне дейін су кешіп, халықты көмектесуде (фото)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеліктердің су апатымен күресіп жатқанына төртінші күн. Қала айналасындағы бау-бақша аудандарында орналасқан үйлерді толығымен су шайып кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Тұрғындар құтқарылып, қала мектептеріне орналастырылып жатыр. Полиция қызметкерлері су астында қалған үйлерден тұрғындардың алып үлгере алмай қалған құжаттарын алуға көмектесіп жатыр.



Əлеуметтік желіде су астында тұрған суретімен көпшіліктің ықыласына бөленген Данияр Сембай Зауыт полиция бөлімшесінде жұмыс істейді. 4 жыл заң институтын оқыған инспектор полиция болуды армандағанын айтады. Данияр Сембай 2016 жылдан бері Ақтөбедегі Зауыт полиция бөлімшесінде кəмелетке толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторы.


"Бірінші күні резервте болдық. Одан кейін екі күн бойына Кірпішті ауылында жұмыс істедік. Тұрғындардың үйлерінде қалған заттарын, құжаттарын алып беріп жатырмыз. Суда қалған үйлерді тонап кетпесін деп көмектесіп жүрміз. Кірпішті ауданында су үйдің ішіне дейін кіріп кеткен. Қолымыздан келген көмекті аяп жатқанымыз жоқ", - дейді полиция инспекторы Данияр Сембай.


Полиция қызметкерінің айтуынша, су тасқыны кезінде барлық адам құтқарылған.


"Арнайы киімнен жүрсең де судың салқындығы сезіледі. Су астында бір сағаттай жүріп көмек көрсетіп, жылынып алып қайта түсеміз. Суды кешіп жүрген суретке өзіме естелік болсын деп қана түскен болатынмын. Барлық жерге жарияланып кеткен. Қалай болғанын өзім де түсінбей отырмын. Халыққа қызмет көрсету менің жұмысым", - дейді полиция қызметкері Данияр Сембай.


Қазір Ақтөбеде Елек өзені арнасынан тасып, Ақтөбе мен Сазды су қоймалары ашылды. Үйлерін су басқан 400-ден аса тұрғын қала мектептеріне орналастырылып, белсенділер халыққа азық-түлік пен киім жəне ақшалай көмек көрсетуде. 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 17.04.2017, 11:50

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30