Қоғамдық палата

Алматыда әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі тексерілді

  • Алматыда әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі тексерілді

    Алматыда әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі тексерілді

Алматы қаласында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы Алмалы ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып, әлеуметтік нысандар мен мектеп ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін зерттеу мақсатында рейд жүргізді.


«Нұр Отан» партиясының өкілдері ау­данда орналасқан №62, №144, №167 мек­тептердегі мүгедек жандарға арналған жағ­дайды саралап шықты. Сонымен қатар рейд барысында «Рамстор», «Юби­лей­ный», «Асыл» супермаркеттері, «Мело­ман» сауда үйі, «Коммеск – өмір» сақ­тан­дыру компаниясының сырғыма бас­­­пал­дақ­тарын орналасу тәртібіне сәйкес кел­мейтіні анықталды.


– Мүгедектерге жанашырлықпен қа­рау биік адамгершіліктің белгісі. Пар­тия­ның көмегімен қоғамда мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың өздерін қолайлы се­зіну­леріне жағдай жасалып жатқанына қуа­ныштымыз. Бұл әсіресе, өз еркімен үйден шығуға мүмкіндігі жоқ жандар үшін маңызды. Мүгедектердің кез келген жерде ешбір қиындықсыз еркін жүріп тұруына және әлеуметтік қызмет көрсетудің са­па­сының артуына үлес қосуы әрбір аза­мат­тың па­рызы, – деді «Қазақстан мүгедектері ұйым­дары одағының» төрағасы Әли Аманбаев.



«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Нәйла Ор­дабаева Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға ор­таны кедергісіз, қолжетімді етуді тап­сыр­ғанын атап өтті.


- Мүгедек жанда­р­ға қа­ламызда қаншалықты қолжетімді жағ­дай жасалынғанын анықтау мақсатында бүгін бірнеше нысандарға сараптама жүр­гіздік. Нәтижесінде, аталған мекемелерде бір­қатар кемшіліктер анықталып, ескер­тулер жасалды, – деді ол.


Іс-шара барысында мүгедек жан­дар­ға қолжетімді жағдай туғызу мен инклюзивті білімді дамыту мәселесінің қан­шалықты деңгейде жүргізілетіні анық­талды.


 


 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 15.08.2017, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28