Қоғамдық палата

Астана клубының үшінші отырысында ғаламдық мәселелер талқыланады

  • Астана клубының үшінші отырысында ғаламдық мәселелер талқыланады

    Астана клубының үшінші отырысында ғаламдық мәселелер талқыланады

Астана клуб – Сарапшы-саясаткерлер қауымдастығының алдыңғы қатарлы өкілдерінің диалогын дамытуды, жаһандық үрдістер мен Еуразияға ықпал етіп жатқан ең өзекті мәселелер бойынша шешімдер іздеуді көздейтін халықаралық пікірталас алаңы.

2017 жылғы 13-14 қарашада «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» тақырыбындағы Астана клубының үшінші отырысы өтеді.

Назарбаев орталығындағы пікірталас алаңы 28 мемлекеттен келген 60-тан астам қатысушының басын қосады, олардың қатарында, жоғары лауазымды саясаткерлер, бұрынғы мемлекет басшылары, дипломаттар мен алдыңғы қатарлы сарапшылар бар.

Астана клубының үшінші отырысының басты тақырыбы - «Үлкен Еуразия» трансформациясы: алдағы онжылдықта еуразиялық кеңістікті қалыптастыратын геосаясаи, аймақтық, экономикалық және технологиялық трендтер» болмақ.

Астана клуб отырыстары «Chatham house» ережесі бойынша өткізіледі. Биылғы жылы оның белгілі саясаткерлер мен беделді сарапшылардан тұратын қатысушылары жаһандық үрдістер мен Еуразияға ықпал етіп жатқан ең өзекті мәселелер бойынша шешімдерді іздейді.

– Ресеймен Батыс қақтығысы бойынша жаңа бір шешімдер іздеу. Одан кейін бүгінгі таңда өрбіп отырған санкциялық текетіресті қалай шешуге болады? Бұл тығырықтан қалай шығу керек деген мәселелелер бойынша сарапшылар жауаптар іздеп, тиісінше ұсыныстар жасайды, - деді Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков.


Астана клуб ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).

Астана клубының серіктестері Халықаралық бейбітшілікті қолдаушы Карнеги қоры, Қытайдың заманауи халықаралық қатынастар академиясы (CICIR), Ресейдің халықаралық істер бойынша кеңесі (РСМД).

Айта кетейік Астана клубының отырыстары дәстүрлі түрде Назарбаев Орталығында өткізіледі (Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Кітапханасының ғимараты).

Астана клубының алғашқы отырысы 2015 жылғы 8-12 қарашада өтті, талқылау тақырыбы – «Еуразияның геоэкономикасы». Іс-шараға 15 мемлекеттен (Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, АҚШ, Түркия және т.б.) 50-ге жуық интеллектуалды және саяси элита өкілдері қатысты.

Клубтың екінші отырысы 2016 жылғы 14-16 қараша аралығында өтті, оның жұмысына Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция, Жапония сияқты жалпы саны 21 елден 60-қа тарта беделді саясаткерлер мен алдыңғы қатарлы сарапшылар қатысты. Отырыс аясында Еуразия кеңістігіндегі өзгерістер мен сын-тегеуріндер талқыланды.




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

жұма, 10.11.2017, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31