Қоғамдық палата

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелерін жариялайды

  • Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелерін жариялайды

    Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелерін жариялайды

Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелеріне арналған брифинг өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Шараға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің теле-радио және жұртшылықпен байланыс кафедрасының доценті, сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай, «SOS Қазақстанның балалар қалашықтары» бағдарламалық даму жөніндегі ұлттық директоры Мария Чернова, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев қатысты.

ОКҚ брифингі барысында сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай: «Үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштердің көпшілігі толықтыруды қажет етеді. Өтініштерді рәсімдеу тұрғысынан қазақстандық ҮЕҰ-ларды оқыту қажет», - деп атап өтті.

Грант алушылардың бірі – Мария Чернова кез-келген конкурс қорытындысы бойынша өтініштерге талдау жасаудың маңызы туралы әңгімеледі, бұл оларға үшінші талпыныстан кейін мемлекеттік грант алуға көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласында ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттар бойынша сараптамалық комиссияның отырысы өтті.

Сараптамалық комиссияға гранттар бағытындағы кәсіпқой мамандар кіреді, олардың арасында Парламент депутаттары, БАҚ, үкіметтік емес сектор өкілдері бар.

Сараптамалық комиссияның отырысы аясында 18 грант тақырыбы бойынша 71 ҮЕҰ-дан келіп түскен 93 өтініш қаралды.

Орталық ҮЕҰ-ларға арналған 14 мемлекеттік грантты беру туралы шешім қабылдады.

Дайындаған Таңат Жайлау 






Көрілген: 460    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 17.07.2017, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31