Қоғамдық палата

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жаңа жобасы

  • «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жаңа жобасы

    «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жаңа жобасы

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар және бизнес өкілдерінің басын қосқан алаңда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев «Әлеуметтік бастамалар картасын» таныстырды. “ASAR” үшжақты ынтымақтастық форумы Атырау қаласында өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы. 


Әрбір азаматтың туған жерін дамытуға үлес қосуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсету – бұл жобаның мақcаты. Карта еліміздің өңірлерінің өзекті қажеттіліктерін анықтап, осы бағыттағы үздік тәжірибелерді жүйелейді. Қазіргі таңда онда географиялық локациясы негізге алынған жобалар енгізілген.

Әрбір қолданушы аталмыш бастамаға өз үлесін қосқысы келсе, Қазақстанның кез-келген аймағындағы жобаны таңдап, бағдарлама тәлімгеріне хабарласу арқылы оны жүзеге асыра алады.

Нұрлан Өтешевтің айтуынша, 2018 жылдың басында карта едәуір заманауиланып, эквайрингтік модель арқылы қаржылық көмекті өздігімен бере алатындай қосымшамен толықтырылады. Сондай-ақ, азаматтардың порталға жобаны өзі қосып, олардың іске асуын қадағалауына мүмкіндік те жасалады.

Нәтижесінде, порталда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еліміздегі ең үлкен краудфандингтік алаң пайда болады.


Алаш айнасы




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.11.2017, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31