Қоғамдық палата

«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жастарға кәсіптік оқуға жолдамалар берілді

  • «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жастарға кәсіптік оқуға жолдамалар берілді

    «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жастарға кәсіптік оқуға жолдамалар берілді

«Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында мектеп бітірген түлектермен, аудан жастарымен кездесу өткізді.


Қарақия аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлия Құлбаева мен аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін атқарушы Нұрасыл Оңалов мектеп бітіруші түлектер мен жастарға тегін оқытылатын мамандықтар жөнінде ақпарат берді. Олар жастарға мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шәкіртақысы, жолақысы төленетін және жатақханамен қамтитын кәсіптік колледждер жөнінде түсіндірді.


Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы кеңесші мен компьютер бағдарламашысы мамандықтарын қысқа мерзімде оқуға мүмкіндік бар екендігі айтылды. Қарақиялық жастарға аудандық кәсіптік колледжде оқуға жолдамалардың бар екендігі, оқитын болса, ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы төленетіндігі түсіндірілді. Жастар тұрғылықты жердегі бұл колледжде бағдарламашы, аспаздық, тігінші, электр жөндеушісі мамандықтарын оқытатындығын білді.


Әлия Құлбаева биыл аудан бойынша 29 жасқа дейінгі 88 азаматқа оқуға жолдама берілгендігін айтты. Оның 52-сі Қарақия аудандық кәсіптік колледжіне жолдама алған. - Аудан жастарын оқыту, жұмысқа орналастыру бағытындағы бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасады, - деді «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дина Сәбитова.


Қарақиялық партиялықтар Елбасының тегін кәсіптік біліммен қамту жөніндегі тапсырмасына орай жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін бақылауға алды.


 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 21.08.2017, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31