Қоғамдық палата

Білікті маман дайындау – заман талабы

  • Білікті маман дайындау – заман талабы

    Білікті маман дайындау – заман талабы

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандарды кәсіби дайындауға өте жоғары талап қойылады. Бұл адами капиталды дамыту жалпы экономика дамуының іргетасына айналағанының белгісі. Сондықтан да білім алушылардың кәсіби бағдарына баса назар аударылатыны заңдылық. Осы ретте кәсіпкерлер палатасы көптеген жұмыстар атқарып отыр. Өйткені жеткіншектерді кәсіби бағдар арқылы тәрбиелеп, баулу – келешекке салынған инвестиция екені сөзсіз.

«Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігі мамандық таңдауда қиналады, себебі еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Өкінішке қарай жастардың көбінде жоғары білім бар, бірақ мүлдем басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл мамандық таңдаудағы қателіктің көрінісі деп ойлаймын. Сондықтан біздің міндетіміз осы бағытта барынша жәрдемдесу», – дейді ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ильясова.

Экономика саласы бойынша еңбек нарығындағы сұранысықа кәсіпкерлер палатасы әрдайым мониторинг жүргізеді. Металлургия, энергетика, тау-кен, мұнай өңдеу салаларында маман тапшылығы басым. Сонымен қатар, техникалық сала мен ауыл-шаруашылығының мамандары да жетіспейді. Біліктілігі жоғары маман дайындауда кәсіби бағдар жұмысы оң нәтиже берері анық. Осыған байланысты кәсіпкерлер палатасы биыл 122 жалпы білім беретін мектепте өңірдегі үздік кәсіпорындар туралы ақпаратты жариялады. Кәсіби бағдарды наихаттау үшін 43 іс-шара ұйымдастырып, оған мыңнан аса оқушы мен 30 кәсіпорын қамтылды. Бақытжан Ильясованың айтуына қарағанда 2015 жылдан бастап Павлодар қаласында жұмыс істеп келе жатқан профильді дайындық кластерінің оқушылармен байланысы жақсы жетістіктерге бастаған. Бұған 18 балабақша, №28 орта білім беретін мектеп, Технологиялық колледж, Сервис және тамақтану колледжі, Инновациялық Еуразиялық университет, Мұнай-газ колледжі, «Нефтехим ЛТД», «Крендель» кәсіпорындары мен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы атсалысқан.

«Нефтехим ЛТД» ЖШС кәсіби бағдар жұмысына белсене атсалысып келеді. Бүгінде кәсіпорын 2017-2023 жылдардағы мектепті жаңарту жоспарын бірлесіп дайындап отыр. Химия және тағам салаларындағы кәсіпорындарды серіктестікке шақырып, әлеуеметтік мәселелерді бірлесіп шешуге араласса дейміз. Бұл мектеп оқушыларының мамандық таңдауына, болашақта жұмысқа орналасуына ықпал етері анық», – дейді №28 мектеп директоры Гүлмира Мантықова. Директордың айтуына қарағанда 2017-2018 оқу жылының басына әлеуметтік серіктестер мектепке 2 млн теңгеден астам сомада демеушілік көрсеткен.

Білім алушылардың кәсіби бағдары – экономикамыздың болашағына салынған инвестиция деп санайды Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкері Бақытжан Ильясова. Осыған байланысты кәсіпкерлер палатасы еңбек нарығына білікті маман дайындау бағытындағы жұмысын одан ары жандандыра түспек.


Алаш айнасы




Көрілген: 542    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 29.08.2017, 11:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30