Қоғамдық палата

Бүкіләлемдік жастар форумында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтылды

  • Бүкіләлемдік жастар форумында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтылды

    Бүкіләлемдік жастар форумында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтылды

Мысыр Араб Республикасының Шарм эль-Шейх қаласында бүкіләлемдік жастар форумының ашылуы өтті. Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Вице-министр форум аясында Мысыр президенті Абдель Фаттах Ассисимен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің жастар ісі, спорт, сыртқы істер, туризм министрлерімен кездесті. А. Нүкенов аталған форумға шақырғаны үшін Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге алғысын білдіріп, шараның айрықша маңызға ие екендігін айтты.

«Мәдениет және өркениеттер арасындағы айырмашылықтар: қақтығыс немесе интеграция?» тақырыбында өткен панельдік пікір алмасуда Абзал Нүкенов елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін ерекше атап өтті.

А.Нүкенов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары туралы баяндап, Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан тәжірибесін баса айтты.

«Жастарды тәрбиелеудің басты бағыттарының бірі жастар туризмін дамыту болып табылады. Әлемді, оның тарихи жерлерін және ескерткіштерін тану арқылы жастар өз білімдерін байытады, көзқарастарын кеңейтеді, жаңа достар табады. «Студент жастардың мәдени керуені» атты жыл сайынғы жастар жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Ол мәдени жанасуды іске асырудың үздік тетіктерінің бірі бола алады», - деді А. Нүкенов.

Сондай-ақ, вице-министр аталған салада өзекті мәселелер бойынша тұрақты онлайн-кеңестерді ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.

Жастар форумына Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания елінің ханзадасы Хассан бин Талал және Ливан елінің Премьер-Министрі Саад Харири және т.б қонақтар қатысты.

Бүкіләлемдік жастар форумының шеңберінде «Жастардың жаһандық мәселелері», «Тұрақты даму, технологиялар, кәсіпкерлік және гуманитарлық мәселелер», «Өркениеттер және мәдениет», «Болашақ көшбасшыларды қалыптастыру» тақырыптарында түрлі панельдік пікірталас алаңдары болды.


Алаш айнасы




Көрілген: 962    Пікірлер: 17
Пікірлерді оқу (17) preloader

сейсенбі, 07.11.2017, 10:44

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30