Қоғамдық палата

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Даниэл Рубинмен кездесіп маңызды мәселелерді талқылады

  • Дін істері және азаматтық қоғам министрі Даниэл Рубинмен кездесіп маңызды мәселелерді талқылады

    Дін істері және азаматтық қоғам министрі Даниэл Рубинмен кездесіп маңызды мәселелерді талқылады

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Еуразия еврей қауымдастығын қолдау ұлттық коалициясының төрағасы Даниэл Рубин бастаған делегацияны қабылдады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Еске сала кетейік «Еуразия еврей қауымдастығын қолдау ұлттық коалициясы» – 1971 жылы АҚШ-та құрылған жетекші еврейлік коммерциялық емес құқыққорғаушы ұйым. Оған 50 ұлттық ұйым мен 300-ден аса жергілікті еврей кеңестері мен қауымдастығы кіреді.

Даниэл Рубин Еуразия еврей қауымдастығын қолдау ұлттық коалициясының қызметі мен алдағы жоспары туралы баяндады. Ол этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне және зайырлылық қоғамды нығайту шараларына оң пікір білдірді.

Министр Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы айтып, діни радикализмге қарсы халықаралық қауымдастықтың бірлескен әрекетінің маңыздылығын атады.

Кездесуде Қазақстандағы еврейлер қауымдастығы заңды тіркеу негізінде жұмыс жүргізетіндігі және еліміздегі басқа діни бірлестіктермен қатар құқықтар мен бостандықтарға ие екендігі айтылды.



Кездесу қорытындысында тараптар діни радикализмге қарсы тұру және конфессияаралық келісімді нығайтуда халықаралық бірлескен іс-қимылдың қажеттігі жөнінде ортақ шешім жасасты.

Қазіргі таңда Қазақстанда 7 иудейлік діни бірлестік және 6 синагога жұмыс істейді.

Қазақстан аумағына келген алғашқы еврейлер Николаев сарбаздары мен олардың ұрпақтары еді. 1867 жылы бекініске қала мәртебесін ұсынғаннан кейін, олар Верный (қазіргі Алматы) қаласында тұрған. 1870 жылдың соңында еврей қауымы қалыптаса бастады. 1884 жылы мамыр айында ашылған синагога кішкентай ағаш ғимаратта орналасқан. 1897 жылы Верныйда 99 еврейлер тұрса, қаламен бірге уезде — 177 еврей тұрды.


1910 жылы Верныйде 206 еврей, Ақтөбе облысында — 35, Ақмолада (қазіргі Астана) — 154. Еврейлер арасында көп дәрігерлер болды: А. Рязанский, Верныйда Қызыл Крест ауруханасың салдыртқан, М. Розенблюм және де басқалары.1926 жылы Қазақстанда 3600 еврейлер тұрған, 1939 жылы — 19 200. 1941-45 жылдары көптеген еврейлер Қазақстан жеріне көшірілді, бірінші кезекте Алматы қаласына орналасты. 1970-80-ші жылдары еврейлердің саны азая бастады. Көптеген еврейлер Израильге қайтты немесе АҚШ, Канада, Австралия және әлемнің басқа да елдеріне көшті. 1968-91 жылдары Қазақстаннан кеткендер 4 800-ге дейін жетті. Кейбір еврей отбасылары Ресейге әсіресе Мәскеу мен Ленинград қалаларына көшіп кетті. 1979 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 23 500 еврей тұратын, ал 1989 жылы санақ бойынша — 19 900. 1980 жылдары еврейлер көбейе бастады. 1989 жылы Алматыда "Шалом" еврей мәдени орталығы құрылды. 1990 жылы "Шалом" журналы шыға бастады.


1990 жылдары әр түрлі ұйымдар құрылды: Еврей қауымдастығы, "Дрор" (президенті А. Фиглин, 1948 ж.), "Маккаби", Бней-'Акива, Бней-Брит бөлімшелері. Алматыда еврей балабақшалары және мектептері ашылған. "Бет Исраэль" мәдени орталығы, мен Қазақстан-Израиль достық қоғамы құрылды.Еврей қауымының мәдени орталықтары Қазақстанның басқа да қалаларында құрылды. 1993 жылы басында алматыда еврей мәдени орталығы ұйымдастырылған. 1994 ж. сәуір айында "Мехина" еврей мектебі ашылған. 1999 ж. халық санағына сәйкес Қазақстанда 6800 еврейлер тұрды. 2000-шы жылдары жетекші еврейскими ұйымдар: Қазақстанның Еврейлер конгресі (екк хаттамасы) және " Мицва" қауымдастығы. Оған қоса үш еврей газеті: "Давар", "Шалом", "Мабат" шығарылды. Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Теміртау, Излучинск, Семей және басқа да елді мекендерде еврей қауымдары жұмыс істейді.


Таңат Жайлауов




Көрілген: 343    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28