Қоғамдық палата

Дін істері және азаматтық қоғам министрі заңнамадағы өзгерістерге түсініктеме берді

  • Дін істері және азаматтық қоғам министрі заңнамадағы өзгерістерге түсініктеме берді

    Дін істері және азаматтық қоғам министрі заңнамадағы өзгерістерге түсініктеме берді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігін қарастыратын заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Дін мәселелері бойынша өткен семинар барысында Дін істері азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға уақытылы қол қойғанын хабарлады. Оған сәйкес террористік және басқа да аса ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айрылады.

Бүгінгі таңда шетелде лаңкестер лагерінде Қазақстанның 500 азаматы бар.

Қазіргі таңда сирия-ирак аймағында террористік топтар үшін жағдайдың қиындап жатқанын білеміз. Қылмыскерлер шегіну жолдарын, соның ішінде өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайту мүкіндіктерін іздестіруде. Алайда, бұл олардың қылмыстық пиғылдарынан бас тартқанын білдірмейді.

Сондықтан, қазақстандықтардың ішінен шыққан осындай адамдар қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниет-оймен оралуы мүмкін. Осыған орай, жаңа толықтыруларда азаматтықтан айыру мүмкіндігі қарастырылуда.

«Мәселе терроризм актілерін, террористік топтарды құру және басқару және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ республикамыздың ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне аса ауыр зиян келтіру туралы болып отыр. Сот істің мән-жайын, жасаған әрекетінің ауырлығын, келтірген зардаптарын толық зерделеу негізінде ерекше жағдайларда ғана азаматтығынан айырады» - деп нақтылады министр.

Туған жерін тастап, шетелге террористік құрылымдарға қатысуға кеткен адамдар Отанына опасыздық жасағандарға теңеледі.


Дайындаған Таңат Жайлау 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 18.07.2017, 09:21

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30