Қоғамдық палата

Дүкендегі жұмыртқа қатерлі ісікке шалдықтырып, ұрпақсыз қалдырады – экологтар

  • Дүкендегі жұмыртқа қатерлі ісікке шалдықтырып, ұрпақсыз қалдырады – экологтар

    Дүкендегі жұмыртқа қатерлі ісікке шалдықтырып, ұрпақсыз қалдырады – экологтар

 Маңғыстау облысында жергілікті экологтар жұмыртқадан улы химикат тауып, дабыл қағуда. Бұл азықтың құрамынан кәдімгі пластмассаларда кездесетін қауіпті қоспа анықталған. Оның әсері бірден білінбегенімен, уақыт өте келе белсіздік пен бедеулікке әкеледі екен. Десе де, қолдың жұмыртқасын күнделікті сүйсініп жейтін батыстықтар бұдан еш сескенбей отыр.


Маңғыстаулық экологтар енді жұмыртқа жемейтін болыпты. Тауық өнімін тексеріп шыққан мамандар оларда ақуыз бен сарыуыздан бөлек, гексабромциклододекан деп аталатын қауіпті химиялық зат барын анықтаған.


«Тексеру кезінде жұмыртқалардан диоксин секілді бірқатар химиялық қоспалар анықталды. Олар көбіне көлік бөлшектерінде, пластмассаларда кездеседі. Құстар үнемі қоқыс арасында жүреді. Сондықтан қазір олардың өнімін тұтыну қауіпті», - дейді эколог Кирилл Осин.


Ал сараптама Чехияда жүргізілген. Елімізде азық-түлікті жан-жақты тексеретін зертхана болмағандықтан, жергілікті экологтар жұмыртқаларды сонда жіберіпті. Халық көп тұтынатын азықтан улы химикат аса көп мөлшерде бұған дейін Германияда анықталған болатын. Ал біздегі көрсеткіш одан тоғыз есе асып түсіпті.


«Бұл химикаттар тобы адам ағзасына бірден әсер етпейді. Әсері 10 жылдан кейін байқалуы мүмкін. Әрі ол қан арқылы ұрпағына беріледі. Соның салдарынан адам қатерлі ісікке немесе белсіздікке, бедеулікке ұшырауы ықтимал», - деп түсіндірді эколог-дәрігер Мартин Скальский.


Бірақ белсіздік те, бедеулік те батыстықтарды қорқытып отырған жоқ. Қайта бұл өнімді күнде жейтін тұрғындар қолдың жұмыртқасынан пайдалы ас жоқ дейді.


Бұған дейін жергілікті экологтар шұбаттан да шикілік тапқан болатын. Онда да ұлттық сусында сан түрлі бактерияның бары айтылған. Сарапшылар бұған Маңғыстау экологиясының нашарлығы себеп деп отыр. Оған кінәлі мал емес, тұрғындардың өздері. Қоқысты беталды тастап, ал тауық, түйе атаулы содан қоректенген.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 14.04.2017, 10:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30