Қоғамдық палата

Елбасы: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру бағытына саяси қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға тиіс

  • Елбасы: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру бағытына саяси қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға тиіс

    Елбасы: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру бағытына саяси қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға тиіс

Жаңғыру ешқашан оңай жүзеге аса қоймайды. Ол кедергіге де тап болуы мүмкін. Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы, ең алдымен, жаңғыру бағытына саяси қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Отырыста еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерістері аясында партияның атқарған жұмысы қорытындыланып, оның қызметін әрі қарай жетілдіру мәселелері қаралды.

Жиынға Саяси кеңес мүшелері – Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.




– Бүгін біз маңызды мәселелерді талқылау үшін осы кеңесті жинап отырмыз. Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл болады. Бұл адам өмірінің өлшеміндегі алғашқы кәмелеттік жас болып саналатындығын білесіздер. Осы уақыт ішінде партиямыз шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғалы белгілі. Құрылған күннен бастап барлық елдік істердің басы-қасында болып келе жатыр. Халқымыздың береке-бірлігінің артуына еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін атсалысып келе жатқан бірден-бір саяси ұйым. Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей, шешілуі тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстайтын елдік партия атанды. Оған өткен сайлаудағы елдің зор сенімі айқын дәлел. Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтқысыз ете беретін болады деп сенеміз. Алдымызда көп шаруалар бар. Қажетті бағдарламаның барлығы қабылданды. Дүниенің ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына бүкіл әлем түсіп отырған кезде біздің де алға қойған мақсаттарымыз аз емес, – деді Саяси кеңес отырысын ашқан Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті партияның еліміздегі стратегиялық реформаларды іске асыру жолындағы жетістіктері мен атқарған жұмысына тоқталып, күрделі әрі жүйелі шешімдер қабылдау қажеттігі және оларды дәйекті іске асырудың маңыздылығы жөнінде айтты.

– Жаңғыру ешқашан оңай жүзеге аса қоймайды. Ол кедергіге де тап болуы мүмкін. Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы, ең алдымен, жаңғыру бағытына саяси қолдау көрсету тетіктерін қалыптастыруға тиіс. Билік тармақтары арасындағы бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты конституциялық реформа мәселелеріне келетін болсақ, бұл – еліміздің саяси жүйесін демократияландыру мақсатында жасалған маңызды қадам, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы партия алдында әлі талай шаруа бар екендігін де атап өтті. «Қажетті бағдарламаның барлығы қабылданды, оны өздеріңіз де білесіздер. Дегенмен қазіргі жағдайда, дүниедегі ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына бүкіл әлем түсіп отырған кезде біздің алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының барлығына партия басшы болып, жергілікті жерлерде саясатты түсіндіруі қажет», деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті партияның еліміздегі стратегиялық реформаларды іске асыру жолындағы жетістіктері мен атқарған жұмысына тоқталып, күрделі әрі жүйелі шешімдер қабылдау қажеттігі және оларды дәйекті іске асырудың маңыздылығы жөнінде айтты.




Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын «Нұр Отан» партиясының қазіргі идеологиялық жұмысының платформасы деп атады.

– Партия қызметін жаңғырту жөнінде айтқан кезде, біз жаңғырудың 2017 жылы жарияланған үш бағдарламасын іске асыру барысында «Нұр Отан» партиясының рөлін айқын әрі анық түсінуіміз керек. Осы бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты атсалысу үшін партия өз жұмысын өзгертудің нақты жолдарын табуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті партия қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына назар аударып, Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есебін тыңдады.

«Нұр Отан» партиясы 18 жыл бұрын өз жұмысын бастағанда не тұрақты жұмыс істейтін құрылымдары, не өзіне тиесілі ғимараты, не қажетті қаражаты жоқ болды. Осы жылдар ішінде Сіз­дің парасатты төрағалығыңызбен өркен­деп, миллионнан астам мүшесі бар, 16 облыстық және Астана мен Ал­маты қалалық, 227 аудандық әрі территориялық, 5824 бастауыш ұйымдардан тұратын еліміздің ең үлкен саяси партиясына айналды. Сіз ұсынған Ұлттық стратегияға сай әлемдегі ең үздік партиялар жинақтаған тәжірибелерді ескере отырып, «Нұр Отан» партиясы бүгінде институттық жағынан әбден толысты деп нық сеніммен айта аламыз. Сондықтан қазіргі кезеңде партия қатарына қабылдау талабы күшейтіліп, өзіне де, партияға да абырой әкелетін, елге сөзі өтетін, жауапкершілік жүгін сезіне білетін беделді азаматтар ғана қабылдануда», деді М. Құл-Мұхаммед Елбасына қарата айтқан сөзінде. Осы орайда ол ғасырлар жүгін арқалаған ел тәуелсіздігінің әр жылы ерекше тарихи оқиғаларға толы болғанын, үш бірдей жаңғыруға, конституциялық реформаға, экономикадағы үшінші жаңғыруға, ұлт руханиятын жаңа биікке көтерген «Рухани жаңғыруға» жарқын жол ашылғанын атап өтті.


Таңат Жайлауов

Алаш айнасы




Көрілген: 207    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30