Қоғамдық палата

Жамбыл тұрғыны тұрмыстағы әйелді алып қашқан

  • Жамбыл тұрғыны тұрмыстағы әйелді алып қашқан

    Жамбыл тұрғыны тұрмыстағы әйелді алып қашқан

 Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Оқиға 2016 жылдың 8 қарашасында Тараз қаласында болған. Кешкі 17:00 шамасында бір топ жігіт қарсыласқанына қарамастан қызды көлікке отырғызып, Тұрар Рысқұлов ауданына алып кеткен. Ондағы мақсаттары достарын үйлендіру.


"Жылағанына қарамаған, оның үстіне ол тұрмыста болған. Мұны айтқанымен оған сенбеген. Ақыры әйелдің арызы бойынша, жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-тарауы бойынша материалдар СДТБТ-ға тіркеліп, басты ұйымдастырушы жеті жылға сотталды", - дейді Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері.


Ең қызығы тергеу барысында анықталған: жігіттер негізі басқа қызды алып қашпақ болып, тұрмыстағы әйелді шатасып ұрлаған. Жігіт өзінің қалыңдығының түрін де білмеген болып шықты.


"Өкінішке қарай Жамбыл облысында алып қашу түсінігі әлі жойылмаған. Оның үстіне бұл қыздың келісімінсіз жасалады. Ал қыз балалар отбасы ұятқа қалады деген түсінікпен сол үйде қалып жатады. Ал мұндай некелердің аяғы жақсы болып жатқан жоқ. Біреулері уақыт өте ажырасады, ал ажыраспаған қыздардың тұрмысы күң өміріне ұқсап жатады", - дейді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 26.04.2017, 22:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31