Қоғамдық палата

Жастар ұйымдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

  • Жастар ұйымдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

    Жастар ұйымдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанның үшінші жаңғыруына серпін беретін өте өзекті идеяларға тұңып тұр. Жастар ұйымдарының өкілдері Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңызды бағыттарын талқылады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Елбасымыз ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың бірнеше бағытын ұсынды. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығына шақырған ойлар рухани жаңғырудың негізіне айналмақ.


Жиын Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледждің мәжіліс залында өтті. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Әлібек Баймағамбетов, Әсен Жақсылықов, «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешов «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, еңбек ұжымдарының белсенді жастары қатысты.


- Мемлекет басшысының мақаласында бүгінгі күні аса өзекті мәселелер көтерілген. Тәуелсіздігіміздің 26 жылын, елмен бірге жастар, жаңа ұрпақ есейді. Елбасының сындарлы саясатын бүгінгі жас буын да қолдайтындығына сенімдімін. Елбасының бағдарламалық мақаласы республикамыздың жас азаматтарына арналып, олардың жарқын болашағына нық сеніммен қарауға арналғандығын көріп, - деп атап өтті Әлібек Баймағамбетов өз сөзінде.


Халық қалаулысы Әлібек Бекболатовтың айтуынша, бүгінгі жас ұрпақ елімізді жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік қауымдастық алдында мәртебесін асқақтатуға атсалысуы керек.


- Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық бағдарламасында «100 жаңа бейне» жобасы дай айтылған болатын. Бұл еліміздің тәуелсіздігі жылдарында еңбекте табысқа жетіп, биік белестерді бағындырған өздерің сияқты жастарға арналған. Сондықтан бүгінгі күні ерінбей еңбек ету керек, - деді халық қалаулысы Әсен Жақсылықов.


ІТ- технологиясы саласында кадр мамандарын даярлау, экономиканың түрлі салаларына қажетті мамандарды оқыту сынды мәселелерді көтерген жастар қазақ әліппесінің латын қарпіне көшу мәселесін де талқылады.


Студент жастар қазақ классиктерінің шығармаларын латын қарпіне бейімдеп қайта басып шығару сұрақтарында туындайтын мәселелерге нақты жауаптар алып, өз ойларымен бөлісті. «Нұр Отан» партиясының барлық аумақтың филиалдарында аталған бағдарламалық құжаттың басты бағыттарын талқылау және түсіндіру бойынша шаралар өткізіліп жатыр.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 15:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30