Қоғамдық палата

Қ. Асылов: Инновациялар қолданыстағы тәжірибелермен үйлесуі тиіс

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

2017 жылғы 7 сәуір күні Талдықорған қаласының «Тіл сарайында» «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті.


Шара мемлекеттік тілді оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен өтті.


Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстардың тілдерді дамыту басқармаларының және барлық мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері және көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.


Талқылау барысында мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері сөз етілді. Әдіскерлер мен облыстық оқыту орталықтарының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік кластарын өткізді.


Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов өз сөзінде алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ескере отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту әдістемесін жетілдірудің маңыздылығын, сонымен қатар қазақ тілін оқытудағы қалыптасқан әдістерді сақтау қажеттігін атап өтті.


Шара қорытындысы бойынша өңірлік басшылар мен оқыту орталықтарының басшыларына мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде жаңа тәсілдер мен инновациялық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар берілді.


alashainasy.kz

 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 08.04.2017, 13:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30