Қоғамдық палата

Қарағанды тұрғыны "Еуразия Бірінші арнасы" эфирінде ұтып алған миллиондарын ала алмай жүр

  • Қарағанды тұрғыны

    Қарағанды тұрғыны "Еуразия Бірінші арнасы" эфирінде ұтып алған миллиондарын ала алмай жүр

 Қарағанды тұрғыны Надежда Чулкова "Казлото" телевизиялық лотереясында ұтып алған ақшасын ала алмай жүргеніне бір жыл болды, - деп хабарлайды eKaraganda. Ойын "Еуразия Бірінші арнасы" эфирінде 2016 жылдың 6 наурызында өткен. Ұтып алынған сома - 2 333 333 теңге. Алайда әйелге 500 мың теңгесі ғана төленіпті. "Билет сататын орындағылар 56-16-56 нөміріне хабарласу керектігін айтты, бұл ұлттық лотереяның филиалы, мекенжайы - Лобода, 46. Телефон соқтым, олар кеңсеге шақырып, билетті алып қойды, қолхат беріп, билетті сараптамадан өткізгеннен кейін ғана ақша төленетінін айтты. Бүгінге дейін ұтыс толықтай берілмеді, 500 мың теңгесін ғана алдым", - дейді қарағандылық. Сосын Чулкова тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктен көмек сұраған. Дауды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мүмкін болмапты, себебі көрсетілген мекенжайда ұйым жоқ болып шыққан. Сондықтан хат қайтып келген. "Қазір фирма бұл мекенжайда жоқ. Қарағандыдағы және Алматы өңірлік өкілдіктеріне хабарластық - екі жағдайда да телефондары істемейді", - дейді заңгер Жасұлан Айтмағанбетов. Сондай-ақ, құқыққорғаушы "Казлото" сайтының жұмысын тексеріпті, сөйтсек, бұл сайт қазірде істемейді екен. "Іздеуде "Казлотто" деген бір "т" деген әрпі артық басқа ұйым ашылады. Бір қызығы - бұл сайтта ұлттық лотереяның Надежда Чулкова байланысқа түскен өңірлік өкілдерінің телефон нөмірлері мен мекенжайы көрсетілген", - дейді құқыққорғаушы. Ал "Казлотто" өкілдері "Казлото" ұйымына ешқандай да қатысы жоқ екенін айтып отыр. "Ақшаны ала алмайтын болсақ, ұлттық лотереяға қалай сенуге болады? Бірақ адамдар трансляциясы республикалық телеарнаның эфирінде жүргізілетіндіктен, сенеді", - деп мәлімдеді заңгер. Енді Надежда Чулкова тұтынушыны алдау және алаяқтық деректері бойынша прокуратураға арыз жазды.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 571    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 30.04.2017, 11:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30