Қоғамдық палата

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

  • Суреттерді түсірген: Мамыржан Ботабеков, Гүлназ Әділхан

    Суреттерді түсірген: Мамыржан Ботабеков, Гүлназ Әділхан

Ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бері Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Өнегелік мәні жоғары жобаның үш күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жалғасын тапты.

11-қараша күні осы оқу орнында «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» семинары, 13-қарашада «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингі табысты өтті. 14 қараша күнгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» тақырыбына арналды.

Аталған конференцияға жиналған қауым алдымен отандық ауыл шаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жаңадан ашылып, заманауи жабдықталған «Елбасы кітапханасы» рухани тәрбие-білім беру орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы университеттегі «Елбасы кітапханасы» орталығының тұсауын кесіп, Тұңғыш Президент кітапханасы жобасы аясында атқарылып жатқан игі істердің жас ұрпаққа берер рухани тәлімі турасында өз ой-пікірлерімен бөлісті.



Тілектес ЕСПОЛОВ,  ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик:

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы бойынша біз Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып «Елбасы кітапханасы» рухани тәрбие-білім беру орталығының ашып отырмыз. Басты мақсатымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметін үлгі тұтып, жастарды лидерлік қасиетке тәрбиелеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру.

Жақында ғана біз Астанадағы Президент кітапханасынан Елбасымыздың 500 кітабын алдық. Жалпы, жаңа кітапхана қорында Елбасының ең таңдаулы 1500-ден астам кітабы жинақталған. Бұл – біз үшін, біздің белсенді жастарымыз үшін үлкен олжа. Бұл кітаптар, жастарымыздың рухани дүниетанамын кеңейтіп, білімдерін толықтыра түседі. Осы іс-шаралардың ойдағыдай өтуіне Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі мен Елбасы кітапханасының басшылығы бізге тікелей қолдау көрсетіп, үлкен абыройлы міндеттер атқарып келеді.

Біздің университеттегі студенттердің 90 пайыздан астамы ауыл жастары. Сондықтан, мемлекет жүктеген міндеттер бойынша біз еліміздің әр түкпірінен келген білім алушыларға заманға сай, әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымды игеруге барынша жағдай жасап отырмыз. Біздің міндетіміз – ауыл-ауылдардан келген студенттерімізге заманауи білім беріп қана қоймай, олардың Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын, ұлт болашағына сеніммен қарайтын, Ұлы Даламыздың ұлағатын бойына сіңірген, рухани жаңғыруға бет бұрған зиялы ұрпақ тәрбиелеу.


Әмірхан РАХЫМЖАНОВ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор:

– Елбасы кітапханасы биыл алғаш рет «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі ғылыми білім беру және мәдени-ағарту көрме жобасын ұйымдастырғалы отыр. Оның ашылу салтанаты Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейде 10 қараша күні салтанатты түрде табысты өтті.

Кітапхананың аса маңызды бағыттарының бірі – ғылыми-зерттеу және білім-ағартушылық қызмет. Оның мақсаты – өскелең ұрпақты отан¬сүй-гіштікке тәрбиелеу, Елбасының бас¬тамаларын көпшілікке жария ету, мұра етіп қалыптасып келе жатқан тәуелсіздік дәуірінің құжаттарын зерделеу, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» тұжырымдамасы аясында жұмысымызды ұйымдастыру. Осыған қарап аты кітапхана болғанмен, оның атқаратын қызметі ауқымды екенін аңғаруға болады. Бұл жоба жастардың рукхани-пат¬риоттық тәрбиесін, ұлттық намысын, білімі мен біліктілігін арттыруға мол сеп¬тігін тигізеді.

Елордамыздың Арқа төріне қоныс аударғанына 20 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында Елбасының жеке архиві, жеке кітапханасы және музейі қорының зерттеу нәтижелері мен материалдары, бас-аяғы 140 мыңға жуық құжат, 30 мыңға жуық кітапханалық қор, 40 мыңнан астам музей жәдігерлері¬нің ішінен таңдаулыларын Алматы қаласы жұртшылығының назарына ұсынбақпыз. Қазіргі уақытта Алматыға 700-ден астам экспонат жеткізілді. Аталған жоба аясында біз өз тарапымыздан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ашылған «Елбасы кітапханасы» орталығына Елбасымыздың 500 кітабын сыйға тарттық. Осындай орталықтың ауыл балалары білім алатын аграрлық университетте бірінші болып ашылыуы бізді ерекше қуантып отыр.


Қазақ ұлттық аграрлық университетінде осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығын құрған болатын. Орталық жанындағы «Жас көшбасшы» клубы белсенді жастарды көшбасшылыққа баулып келеді. Бүгінгі таңда клуб құрамында белсенді студенттер көшбасшылық қасиеттердің алғышарттарын меңгеріп, шешендік өнерге үйреніп, Елбасы туралы кітаптарды оқып, көркем және деректі фильмдерді бірге көріп, талқылап, пікір алмасуды дәстүрге айналдырған. Аталған шаралардың барлығы Тұңғыш Президент кітапханасы ұсынып отырған «Елбасытану» элективті курсы аясында жалғасын табатын болады.

21 ұлттың жастарын бір шаңырақ астына біріктірген университеттің студенттік «Достық» ассамблеясының жұмысы да «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы қоятын талаптар форматына көшірілді. Осының бәрі университеттегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекше саласына айналған, 2004 жылы құрылған О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтында іске асырылуда. Жаңа бағыттағы негізгі талап – қазақстандықтардың мемлекетшіл, патриот жаңа буынын қалыптастыру.

Осы бағытта Қазақ Ұлттық аграрлық университеті – Елбасы кітапханасымен жан-жақты тәжірибе алмасып, ынтымақтастық, әріптестік байланыстарды бұдан да ары дамыта бермек.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 15:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30