Қоғамдық палата

Қазақстанда алғаш рет үкіметтік емес ұйымдарына сыйақы беру үшін өтінімдерді қабылдау басталды

  • Қазақстанда алғаш рет үкіметтік емес ұйымдарына сыйақы беру үшін өтінімдерді қабылдау басталды

    Қазақстанда алғаш рет үкіметтік емес ұйымдарына сыйақы беру үшін өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарына арналған сыйақыны беру үшін конкурстың басталғанын хабарлайды. Өтінімдер 2017 жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында қабылданады.

Сыйақылар жыл сайын әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарына 15 номинация бойынша беріледі.

Атап айтқанда, алғашқы сыйақы келесі бағыттар бойынша тағайындалады: білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; демография проблемаларын шешу; гендерлік проблемаларды шешу және т.б.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым сыйақыны алуға бір номинациядан артық ұсына алмайды. Сыйақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйақы олардың арасында тең бөлінеді.

Еске сала кетейік, сыйақы ҮЕҰ қызметкерлері арасында таратылмайды, қаржы ұйымның жарғылық мақсаттарына, институционалды дамуына, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жұмсалады. Бір сыйақы көлемі екі мың бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сыйақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне жолданады.


 Дайындаған Таңат Жайлау




Көрілген: 452    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 03.07.2017, 10:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30