Қоғамдық палата

Қазақстандық теологтар псевдодіни ағымдардың сипаттамалары бойынша дәріс алды

  • Қазақстандық теологтар псевдодіни ағымдардың сипаттамалары бойынша дәріс алды

    Қазақстандық теологтар псевдодіни ағымдардың сипаттамалары бойынша дәріс алды

Елімізде терроризмнің алдын алуға әр түрлі іс шаралар ұйымдастырылып келеді. Жақында Әзірет Сұлтан» астаналық мешітінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша «Терроризмге қарсы комитет» қоғамдық бірлестігі теологтардың тобына семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара «Радикалдық діни көзқарастары бар адамдарға теологиялық оңалтуды ұйымдастыру (еркін жамағаттар)» жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - теологиялық оңалту мәселелері бойынша мамандарды деструктивті діни ағымдардың ерушілерімен, оның ішінде радикалды көзқарастары бар адамдармен жұмыс жасауға қажетті білім мен дағдыларға баулу. 




«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Президиумының төрағасы Аманжол Оразбаевтың мәлімдеуіне сәйкес, деструктивті діни ағымдардың жақтастарын оңалту және бейімдеу бойынша қалыптастырылған әдістемелік қағидаларды апробациялау және ендіру бойынша пилоттық жоба еліміздің сегіз өңірі мен Астана қаласында сыналатын болады.

Бірінші кезеңде тренинг негізінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары арасынан неғұрлым дайындалған 14 теолог үшін өткізіледі.

«Терроризмге қарсы комитет» дәрістер мен тренингтер тақырыптарын таңдауға ерекше көңіл бөлді, оларды өткізу үшін жоғары білікті мамандар шақырылды - психолог Шакимова Лола Сергеевна, дінтанушы Денисенко Юлия Олеговна. Бірқатар шетел ғалымдары мен сарапшылардың пікірлеріне сәйкес, діни фанатизм психикалық ауытқудың бір түрі болып табылады.




Семинарда оңалту жұмыстарының теологиялық аспектілері дайындалған теологтармен, оның ішінде ҚМДБ бөлім басшысы Ершат Оңғаровпен түсіндіріледі.

Семинар барысында деструктивті ағымдарға еру себептері, радикалдық көзқарастарға еру және одан бас тарту белгілері, псевдодіни ағымдардың сипаттамалары және т.б. сияқты сұрақтар қарастырылды.

Тренингтерде әртүрлі психологиялық техникалар мен әдістер қарастырылады. Тесттік режимде кейінгі іс-қимылдар алгоритмін пысықтаумен күрделі ситуациялық диалогтар орындалда.




Семинар қатысушыларына психологиялық байланысты орнату, кеңес берулерді өткізу, оңалтылатын адамдарға теологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек және қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Діни экстремизм мен радикализм көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және діни бірлестікпен әлеуметтік әріптестігінің аталған жобасы жергілікті жерлерде жүргізіліп отырған нүктелі оңалту жұмысын одан әрі күшейтуді көздейді.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 02.08.2017, 10:32

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30