Қоғамдық палата

Қазақстандық ҮЕҰ-ның басшысы «Халықтар достастығы» медалімен марапатталды

  • Қазақстандық ҮЕҰ-ның басшысы «Халықтар достастығы» медалімен марапатталды

    Қазақстандық ҮЕҰ-ның басшысы «Халықтар достастығы» медалімен марапатталды

Якутияның «Халықтар достастығы» медалімен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Елена Дмитриенко марапатталды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Естелік медаль мен Саха Республикасының (Якутия) азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі министрлігінің «Халықтар достастығы» медалі қазақстандық ҮЕҰ өкіліне ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталды.

Елена Дмитриенко Саха Республикасында 2017 жылғы 5-8 шілде аралығында өткен Якутия балалар қозғалысының 25-жылдығына арналған «Ұмтылыс» («Стремление», «Дьулуур») Бірыңғай балалар қозғалысының ІІІ слетінің құрметті қонағы және сарапшы ретінде қатысты.

Слет шеңберінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, оның барысында «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі Н.Е. Мординова атындағы «Кэскил» республикалық балалар баспасымен бірлескен балалар ақпараттық-медиалық және баспа жобаларын бірлесіп іске асыру бойынша серіктестік туралы келісімге қол қойды. Сонымен қоса, балалар қозғалысын ұйымдастырушылар үшін семинар-практикум өткізіліп, онда Елена Дмитриенко түрлі дискуссиялық алаңдарда сарапшы ретінде сөз сөйледі.

Елена Дмитриенконың айтуы бойынша «Ұмтылыс» бірыңғай балалар қозғалысының ІІІ слеті балалардың түрлі әлеуметтік бастамаларымен айналысатын ұйымдардың халықаралық серіктестігіне қарай жасалған үлкен қадам болды.

«Балалардың әлеуметтік бастамаларын мемлекеттік қолдау және Якутиядағы балалардың қоғамдық қозғалысы Саха Республикасы басшылығының өскелең ұрпақтың аман-сау тағдыры, олардың бүгіні мен болашағына деген қамқорлығының белгісі болды», - деп атап өтті Е.Дмитриенко.

Азаматтық белсенділердің айтулары бойынша, жоғары марапаттау – жас қазақстандықтардың бейбітшілік қозғалысының өзектілігін, жоғары адамгершілігін, мәдени әл-ауқатын және басымдықтарын мойындағандығының айқын белгісі.

Е. Дмитриенко «Жақын арада ҮЕҰ үшін ведомстволық марапаттаулар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде де берілетініне сенгіміз келеді», - деп атап өтті.

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» ҚБ Қазақстанда 2004 жылдан бастап қызметін істейтіндігін атап көрсеткен жөн, оның қызметінің негізгі бағыттары балалардың қоғам мен мемлекеттің өміріне, халықаралық серіктестікті дамытуға және т.б. қатысуы үшін жағдай жасау болып табылады.

Қоғамдық бірлестік «Лидер» балалар газеті, «Лидер плюс…» жастар газеті, «Педагогический вестник», «Педагогический бюллетень», «ЖасStar» және «Ребенок и право» журналдары сияқты баспа өнімдерін шығарады.




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.08.2017, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31