Қоғамдық палата

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау күні өтті

  • Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау күні өтті

    Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау күні өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға, көмектесуге үндеген болатын. «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», - деген еді Елбасы Н. Назарбаев. Бүгінгі таңда да осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға көңіл толады. Осындай ізгі істердің арқасында көптеген мәселелер шешімін тауып жатыр десек те болады. Жақсының жақсылығын айт демекші осы бағытта кешенді түрде жұмыс ітеп келе жақан «Нұр Отан» партиясының атқарған істерінің өзі ауыз толтырып, көңіл толқытып тұрып айтуға боларлық.

Осының бір дәлеліндей қылып, жақында ғана «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша Бірыңғай тақырыптық қабылдаулар өткенің айтып өтуге болады.

Аталған акция аясында барлық аймақтардағы «Нұр Отан» партиясының филиалдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен мамандарының қатысуымен қабылдау өткізіп, азаматтарға денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, сауалдарына қатысты тиісті кеңестер берді.

Астанадағы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек беру департаменті директорының орынбасары Айгүл Тастанова және аталған министрліктердің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдау жүргізді. Мәселен, Сәуле Базарбаева созылмалы ауруына байланысты тегін дәрі-дәрмек алу бойынша және медициналық ем алатын мекемесін ауыстырғысы келетінін айтып, көмек сұрап келді.

Ал Гүлсара Дәулетбаева ұлының мүгедектігіне байланысты баласы екеуіне Астана қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алу мәселесімен келді.

Сондай-ақ, баласының еміне дәрі қажет екенін, одан бөлек, жұмысқа орналасу қиындықтарымен кездесіп отырғанын жеткізді. Түрлі мәселелермен қабылдауға барлығы 10 адам жазылды. Бірі Астанадағы оңалту орталығында ем алу үшін орын алып беруге көмек сұраса, тағы бірі медициналық тексеруден өтуге және стационарлық ем алуды ұйымдастырып беруді сұрады.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкеновтың айтуынша, «Кедергісіз келешек» партиялық жобаның аясында 2017 жылдың басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 3500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматтан өтініш түскен және олардың әрбір үшіншісі оң шешімін тапқан. - Бір ғана тамыз айында өткен осындай іс-шарада 1700-ге жуық адам қатысып, мүгедектік санатын алу, медициналық ем алу сияқты мәселелер бойынша көмек сұрады. Қабылдауларға қатысып отырған құзыретті мекемелер өкілдері келгендердің мәселелерін шешуге ықпал етеді. Біз әрбір азаматтың өтінішін қарап, шешімін тапқанша бақылауымызда ұстаймыз, - дейді ол.

Қабылдау барысында көмек сұрап келгендерге құзыретті мекемелердің өкілдері тиісті кеңестер беріп, мәселені шешу мақсатында құзыретті мекемелерге бағыт сілтеді.

Айта кету керек, мұндай қайырымдылық істерді «Нұр Отан» партиясы жиі ұйымдастырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әрдайым партия назарынан тыс қалған емес. "Адам қайғысы - заман қайғыс" демекші айналамыздаға мейірім мен көмекке зәру жандарға ізгілік сыйлау, қайырымдылық жасау, шуақ шашу, көмек беру ең үлкен істердің бірі десек, артық айтқандық емес болар.


Таңат Жайлауов

Алаш айнасы




Көрілген: 276    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 18:59

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30