Қоғамдық палата

Көлік саласының қызметкерлері марапатталды

  • Көлік саласының қызметкерлері марапатталды

    Көлік саласының қызметкерлері марапатталды

Жақында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау рәсімі өтті.


Салтанатты құттықтау рәсіміне «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов пен Қазақстан көлік қызметі одағы Төралқасы Төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко қатысты. Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың атынан Қазақстан көлік саласы қуамдастығының мүшелері мен қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 


«Бүгінде Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын ғана емес, азаматтардың күнделікті өмірін көлік саласынсыз елестету мүмкін емес. Сіздердің қызметтеріңізде қиыншылық та аз емес. Оның ішінде автопарктерді жаңарту, кәсіпорындардың қаржылық қиындығы мен әкімшілік сипаттағы түрлі кедергілер бар. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қордаланған мәселелердің шешілуіне барынша күш салып отыр. Бүгінде бірлесе атқарған жұмыстың оң шешімі мен нәтижесіне қол жеткізгеніміз қуантады», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары. 


Өндіріс пен сауданың дамуында, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысын қамтамасыз етуде, Еуразиялық трансконтинентальдік дәлізде тарнзиттік әлеуетті арттыруда және отандық өнімнің әлемдік нарыққа шығу деңгейін өрістетуде көлік саласының ықпалы мен рөлі айтарлықтай зор. Отандық тасымалдаушылар бәсекеге қарамастан халықаралық нарықтағы ұстанымдарын күшейтіп келеді. 


«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы арқылы біздің күшіміз бен бизнес пәрменінің қаншалықты екенін сезіне алғанымызды еркеше атап өткім келеді. «Атамекендей» қауқарлы ұйымның болуы осы алаңда мемлекеттік органдармен бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешіп, сауалдарды қоюға мүмкіндік береді. Бұл жігерлендіріп, келешекке деген сенімді арттырады. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Көлік саласы қызметкерлері үшін бүгінгі марапаттың мәні ерекше» – деді Юрий Лавриненко.




Көрілген: 340    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 07.08.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30