Қоғамдық палата

Корпорациялық қор кеңесі маңызды мәселелерді тақылады

  • Корпорациялық қор кеңесі маңызды мәселелерді тақылады

    Корпорациялық қор кеңесі маңызды мәселелерді тақылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Көшпелі туризм саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі – «Турситік Қамқор» корпорациялық қор» Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған «Атамекен» ҰКП, «Туристік қамқор» КҚ және ҚР туристік қоғамдастық өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Жиында жүйе әкімшісінің кеңесі туралы Ережені бекіту, Кеңес құрамын бекіту, көшпелі туризмде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесі бойынша уәкілетті орган жұмысын жетілдіру, көшпелі туризм бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің конференциясын ұйымдастыру сынды мәселелер көтерілді.


Дауыс беру арқылы кеңес құрамына барлығы 17 адам бекітілді. Туризм бойынша уәкілетті органнан 1 өкіл, «Атамекен» ҚР ҰКП-дан 1 өкіл, Қазақстан туристік қауымдастығынан 4 адам, ҚР турситік операторлар қауымдастығынан 4 адам, Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығынан 2 адам, 2 тәуелсіз мүше, туризм саласында тәжірибесі бар 2 адам және «Туристік Қамқор» қорынан 1 адам кірді.


Сонымен қатар Жүйе әкімшісі кеңесі туралы Ереже талқыланды. Ережеге бірқатар өзгертулер енгізу, жетілдіру жұмыстары сөз болды. Құжаттың кейбір тұстары қосымша қарастыруды талап етті. Сондықтан Жүйе әкімшісі кеңесі туралы Ережені бекіту кейінгі кезекті отырысқа қалдырылды.


«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қазіргі таңда «Туристік Қамқор» КҚ сұрақтары бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты. Оның құрамына Ұлттық палатаға алдын ала ресми өтінім беру арқылы кіруге болады. Жұмыс тобының отырыстары тұрақты түрде жүргізілуде.


Дайындаған Таңат Жайлау




Көрілген: 371    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 25.07.2017, 21:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31