Қоғамдық палата

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды

  • ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды

    ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ұжымға жаңа кеңесшілер Дүйсенов Арсений Кеңесұлы және Құлекеев Бақытжан Кеңесұлын таныстырды, - деп хабарлайды Алаш айнасы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арсений Дүйсенов жаңа лауазымда ақпараттық-имидждік жұмыс мәселелері, дін және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша шаралар, сонымен қатар қоғаммен байланысты қолдауды қадағалайды.

Ол осы тағайындауға дейін «Қазақстан» РТРК» Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы филиалдарының директоры, «Қазақстан» РТРК» аймақтық таратуды дамыту дирекциясының директоры қызметін атқарған.

Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз-хатшысы лауазымында болды. А. Дүйсенов Қазақстан Бас редакторлар клубының вице-президенті және Халықаралық телевидение және радио академиясының академигі.

Сондай-ақ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі лауазымына Бақытжан Құлекеев тағайындалды. Ол бұл лауазымда діни сұрақтар және діни ұйымдармен байланыс мәселелерін қадағалайды.

Б. Құлекеев осыған дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымды қызметін атқарған.


 Дайындаған Таңат Жайлау




Көрілген: 375    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 25.07.2017, 14:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30