Қоғамдық палата

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің айнасы

  • Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің айнасы

    Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің айнасы

Әр қызметтің өз тартымдылығы болатынындай, бүгінде мемлекетттік қызметке қызығушылық артып келеді. Әсіресе, жастар тарапынан мемлекеттік аппаратта қызмет етуге талпыныс бары қуантады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарындағы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағытының меритократиялық ұстанымы, яғни «төменнен-жоғарыға» өсу баспалдығы енгізілуі сенімділік туғызғаны сөзсіз.

Кез-келген азамат өзінің іскерлік қабілетін, парасат-пайымын танытуы арқылы болашағын қалыптастырады. Ең бастысы, құлшыныс, туған елге, туған жерге қалтқысыз қызмет етуге шынайы ниет болуы қажет. Ел мүддесі, халық игілігі бәрінен жоғары тұрғанда ғана нәтижелі жұмыс болады. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы іспетті. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Дегенмен, кей-кейде мемлекеттік қызметшілер тарапынан болған келеңсіздіктер мемлекет абыройына нұқсан келтіріп жатады. Қазір бүкіл қоғам, барша жұрт жұмылып сыбайлас жемқорлықтың тамырын жою үшін күресіп жатыр. Бұл істе әрбір мемлекеттік қызметші «арды ойлаған азбайтынын» нақты түсінуі керек. Өзінің жауапкершілігін, келешегін ойлауы, санасын түзеуі тиіс. Озық отыздық төріне ұмтылған Мәңгілік еліміздегі ұлттық идея – қазақстандық патриотизм, елжандылық, отансүйгіштік екендігін әрдайым есте ұстауы қажет.


Ж.А. Құлбаева,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

бас маманы




Көрілген: 348    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 09.11.2017, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31