Қоғамдық палата

«Менің елім – Қазақстан» атты жас патриоттар акциясы «Алтын чажа» лагерінде өтті

  • «Менің елім – Қазақстан» атты жас патриоттар акциясы «Алтын чажа» лагерінде өтті

    «Менің елім – Қазақстан» атты жас патриоттар акциясы «Алтын чажа» лагерінде өтті

Теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан «Алтын чажа» жазғы сауықтыру лагерінде «Нұр Отан» партиясының Текелі қалалық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп «Менің елім – Қазақстан» атты акция ұйымдастырды. Акцияға лагерьде демалып жатқан барлық бала қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Акцияда жас ұландар флеш-моб ұйымдастырып байтақ еліміздің барлық аймағына бейнеролик арқылы саяхаттап, танымдарын кеңейтті.


«Біз өскелең ұрпаққа өз елінің тарихы мен бүгінгі жетістігін көрнекі жеткізуді мақсат еткен едік. Балалардың ақпаратты қабылдауы ересектерден гөрі ерекше. Оларға бейнеролик көру, қызықты сандармен толыққан ұғынықты ақпар қажет Сондай-ақ өз еліне, ұлтына, туған жеріне деген махаббат сезімін осындай тамаша табиғат аясында әсерлі акциямен ұштастыру – есте қаларлық сәт деп ойлаймыз, - деді Текелі қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Ибраимова.


Ал «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Айдос Жұматаев бұндай акцияның маңыздылығына тоқталып, «Жастар – Отанға» партиялық жобасының негізгі бағыты да жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту. Бүгінгі игі шара болашақта да жалғасын табатынына сенімдімін, - деп атап өтті.


«Алтын чажа» лагерінде жазғы демалыста 1500-нан астам бала демалып, емделеді. Осы уақытқа дейін лагерде 10 мың бала демалып, денсаулығын нығайтты. Лагерь 2011 жылы ашылып, пайдаланылуға берліген.


«Біз «Алтын чажа» лагерінде жаңа достар тауып, қызықты бағдарламалар мен бүгінгідей танымдық акцияларды бірге өткізудеміз. Бүгінгі патриоттық акция мен үшін өте пайдалы болды. Біздің байтақ елдің тамаша табиғаты ғана емес, тамыры терең тарихына куәгер болдық. Ұйымдастырушыларға көп рахмет», - деді акцияға қатысушылардың бірі демалыс лагеріне Астана қаласынан келген Дарья Плесевских.


Дайындаған Таңат Жайлау




Көрілген: 479    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 24.07.2017, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31