Қоғамдық палата

Мейірім мен ізгілікті насихаттайтын қордың жұлдызы биік

  • Мейірім мен ізгілікті насихаттайтын қордың жұлдызы биік

    Мейірім мен ізгілікті насихаттайтын қордың жұлдызы биік

«Бауыржан» қайырымдылық қорын бүгінде әрбір қазақстандық білетін ең белсенді, іскер қор деп айтуға болады. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» деген тәмсіл бар. Әрбір жан тым болмаса күніне бір рет қана кішкентай жақсылық жасаса, әлем ізгіліктің нұрына шомылып тұрар еді. Біз ізгіліктің жолында қандай іс бітіре аламыз деп әр адам ойлануы тиіс.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші «Бауыржан» қайырымдылық қорының бастамасымен 2007 жылдан бастап Қазақстанда қайырымдылық жобалардың іске асуына атсалысып келе жатқан коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғаларға «Алтын жүрек» премиясын табыстау дәстүрге айналды. Бұл жобаның авторы - «Бауыржан» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызы. Қазіргі таңда «Алтын жүрек» жылсайынғы қоғамдық ұлттық премиясы меценаттар қатарының көбейіп, елімізде игі істердің қарқын алуына түрткі болып келеді.

Қайырымдылықтың нақты анықтамасына көз жүгіртейікші. Бұл жалпы алғанда этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.




Міне биылда Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында «Алтын жүрек» сыйлығының номинанаттарын марапаттау рәсімі өтті. Дәстүр бойынша алтын жүрек бейнесінде жасалған статуэткалар зәру жандарға баға жетпес көмек пен қолдау көрсеткен жеке адамдарға,компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдарға тапсырылды.

«Бауыржан» қоры 11 жыл қатарынан сыйлықты ұйымдастырушы болып келеді. «Алтын Жүрек» сыйлығының мақсаты Қазақстанда қайырымдылық пен меценаттық институтты дамыту және мейірімді жандар мен қоғамның тұрмысы төмен бөлігі арасында тұғырнама орнату. Сыйлық коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғаларға олардың қайырымды істері үшін беріледі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек марапттау рәсімін ашты және оған келгендердің барлығына жоғары әлеуметтік, азаматтық позициялары үшін алғысын білдірді.Ол бұл көпшілік, әсіресе жастар үшін тамаша өнеге деп атап өтті.

«Бүгін біз үлкен жүректі, адал ниетті жандарды ұлықтаудамыз! Қайырымдылықты, адамдарға көмек қолын созуды басты өмірлік қағида санайтындарға мың алғыс. Мен әлеуметтік саясат қаншалықты мықты болғанымен мемлекет көмекке зәру адамдардың мәселесін толық шеше алмайтынын жиі айтып келемін. Бұл іске қоғам аралсуы тиіс. Қайырымдылық дегеніміз л тек тегін көмек қана емес. Оның мәні мен маңызы зор. Ол адамдарды біріктіреді, агрессияны төмендетеді, мейірімділікті күшейтеді, жат іске төзгісіз етеді. Дәл осы маңызды істер заманауи әлемде жентіспей жатады. Кез- келген қоғамның өскелеңдігі оның қайырымдылығымен, әлеуметтік жауапкершілігімен өлшенеді. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту ісіне айрықша мән беруде және туған өлкесі мен зәру жандарға қол ұшын беретін қайырымды тұлғаларға қашан да қолдау көрсетуге шақырады», - деді Б.Байбек.




Ол алматылықтар үшін қайырымдылықтың бұрынан жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.Мысалы, бүгінгі күні «Туған жер»,«Рухани жаңғыру» бағдарламалары бойынша қалада 91 жоба жүзеге асуда. Олардың 40%-дан астамы демеушілер қаржысымен атқыралуда. Соның арқасында қалада жаңа мектептер, бала бақшалар, емханалар, балалар және спорт алаңдары пайдалануға берілуде. Тек Наурызбай ауданынның өзінде ғана биылғы жылы жеке қаржымен 1200 орынды мектеп, заманауи емхана, дұрыс тынығатын, спротпен айналысатын тамаша саябақ ашылды. Алатау ауданында жеңілаталет стадионы пайдалануға берілді. Өткен жылы 600 орынды мектеп-гимназия,536 орынды 4 бала бақша салынған еді.

Марапаттау рәсімінде биылғы жылы «Жетім балаларға көмек» номинациясы бойынша «Алтын Жүрек» сыйлығымен Екатерина Яценко, «Білімге қолдау» бойынша Мұрат Әділханов, « Мүгедектерге қамқорлық» бойынша Біржан Кужаков, «Спортты қолдағаны және дамытқаны үшін» «Алматы марафоны», «Ардагерлерге қамқорлық» бойынша Расима Темербаева, «Қала меценаты» бойынша Сергей Спицын, «Ақпараттық қайырымдылық» бойынша Майра Әбдірахманова, «Жылдың қайырымдылық көрсетушсі» бойынша Темірлан Шайнүсіпов, «Жылдың ұйымдастырушысы» бойынша «Каспий банк», «Денсаулыққа қосқан үлесі» бойынша «28 петель» Клубы,«Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» бойынша Виктория Шарбонумен АҚШ-тан келген Элизабет Турнок марапатталды.

Айта кетерлігі, сыйлықтың 11 жылдық тарихы барысында қазақстандықтар еліміздегі қайырымдылық ісінің даму эволюциясының куәсіне айналды. Егер алғашқы жылдары «Алтын журек» сыйлығын өткізуге ел бойынша небәрі 50 ғана өтінім түссе, соңғы жылдары ұйымдастыру комитетіне 455-тен астам өтінім келген. «Алтын жүрек» сыйлығын 11 жылы ішінде 113 адам, компаниялар алған. 2016-2017 жылдары Қазақстанда тек түскен өтінімдер бойынша 29,4 миллиард теңгеден астам қайырымдылық шаралары жүзеге асқан. Қазақстанның қайырымдылық көрсетушілері мен еріктілерінің арқасында 16 спорт мектептерінің, 29 бала бақшалардың құрылыстары салынды, жалпы білім беретін 23 мектеп, мүгедек балалардың 3 арнайы бала бақшалары жөнделді, тұрмысы төмен отбасылардың 10 мыңнан астам балалары демеушілік қолдау барысында лагерлеріе демалды, 33 компьютерлік сыныптар мен 8 аурухана жаңа қондырғылармен жабдықталды, жағдайы нашар жанұялардың 800-ден астам балалары мектепке дайын болды, ҰОС қатысушы 26 ардагерлердің пәтерлері жөнделді, ҰОС-ның 500-ден астам қатысушысы мен тыл ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді. Сыйлықтың 11 жылдығы ішінде мейірімді қазақстандықтар 140 миллиард теңге қаржы жинады.

Қайырым, мейірім – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі адам, қоғам, мемлекет алдындағы өмірлік парыз десек артық айтпаған болармыз. Сондықтан ізгі жандарды насихаттау жақсылықтың жаршысы болу әлемді, адамды өзгерту үшін жасалған ең сауапты іс. Осындай ізгі істер жалғасын таба беретіне сенгіміз келеді.


Таңат Жайлауов




Көрілген: 317    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 16:57

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30