Қоғамдық палата

Министрлік Египеттегі қазақстандықтардың қатысуымен болған жағдайға қатысты пікір білдірді

  • Министрлік Египеттегі қазақстандықтардың қатысуымен болған жағдайға қатысты пікір білдірді

    Министрлік Египеттегі қазақстандықтардың қатысуымен болған жағдайға қатысты пікір білдірді

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Египетке тіл курсына оқуға барған алты қазақстандық студенттің қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Алаш айнасы .


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Бақытжан Құлекеевтің айтуынша, Каир қаласындағы тілдік курстарында оқитын қазақстандық алты тыңдаушы Египеттің құқық қорғау орагандарының қызметкерлерімен ұсталып, сол мемлекетте екендігі анықталды.

Ведомство өкілдері аталған оқиға оң шешіліп, азаматтарымыз елге аман есен оралатындығына үміттенетінін жеткізді.

«Осы оқыға байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев шетелдік оқу орындарына жастарымыздың бақылаусыз шығып кету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын», - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Жастарымыз, шетелге діни білім алу мақсатында шығып, радикалды діни ағымдардың идеологтарының ықпалына түседі. Бұл қазақстандықтардың шетелдегі діни оқу орындарына баруының реттелмеген тәжірибесінің салдары. Бүгінгі таңда 300-ге жуық азаматымыз шетелде осындай жағыдайда білім алуда, көбенесе бұл Египет пен Сауд Арабиясында оқиды. Аталған азаматтардың бір бөлігі түсіндіру жұмыстарынның нәтижесінде елге оралды.

«Аталған мемлекеттерде ахуал бүгінгі таңда күрделі екендігін түсіну қажет. Ол жақта терроризмге қарсы және жалпы көші-қон тәртібі күшейтілді. Осыған байланысты, егер радикалды ағымдардың жақтаушысы болмасаңызда, марказ деп аталатын күмәнді оқу орталықтарында, діни немесе тілдік курстарында оқитын болсаңыз, жергілікті арнайы органдар мен полицияның назарына дереу ілігесіз», - деп баса айтты Б. Құлекеев.

Осыған байланысты, министрлік осындай жастардың ата-аналарына балаларын осынау оқу орындарына жібермес бұрын мәселенің дұрыстығын мұқият ойластырып, барлығын ақылға салуға кеңес береді.

Бақытжан Құлекеев өзіміздің оқу орындарымыз бар екенін ескертті. Мысалға, Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университеті мен еліміздегі медреселердің жүйесі бар. «Сондай-ақ, неліктен тиісті мамандық алып, болашақта табыс көздерін таба алатын басқа да білім алуды ойламасқа», - дейді министрдің кеңесшісі.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай шетелде келісімсіз білім алып келген тұлғаларды жұмысқа қабылдамайтынын жариялады.

Қазіргі уақытта діни қызмет туралы заңнама жобасын әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде, шетелде теологиялық білім алумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін норманы ұсынылатын болады.

«Бірнеше нұсқалар бар. Біз оларды басқа ведомстволардың сарапшыларымен талқылау үстіндеміз. Олардың бірі Қазақстанда бакалавриат деңгейінде жоғарғы діни білім алғаннан кейін және тіркелген діни бірлестіктердің жолдамалары бойынша ғана шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуды қарастырады. Магистратура және докторантура деңгейі бойынша білім алуға шектеулер қарастырылмайды. Егер діни бірлестікте Қазақстан аумағында тиісті білім беретін мекемесі болмаған жағдайда ғана оқыту қарастырылуы мүмкін.

Аталған норма бойынша қойылатын шетелге шығуға шектеу азаматтардың білім алудағы басты құқықтарын бұзбайды.




Көрілген: 504    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 28.07.2017, 09:12

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30