Қоғамдық палата

Министрлік ҮЕҰ-ға арналған сыйақыларды беру үшін өтінімдерді қабылдайды

  • Министрлік ҮЕҰ-ға арналған сыйақыларды беру үшін өтінімдерді қабылдайды

    Министрлік ҮЕҰ-ға арналған сыйақыларды беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін үкіметтік емес ұйымдарыға арналған сыйақыны беру үшін өтінімдер қабылдайды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Сыйақылар әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарыға беріледі.

Баспасөз мәлімдемесіне қарағанда, үміткерлерді іріктеуді құрамына Сыйақыны беру бағыттары бойынша сарапшылар, ҮЕҰ басшылары, қоғам қайраткерлері, уәкілетті органның, мемлекеттік органдардың өкілдері енетін байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Сыйақының ең төменгі мөлшері - 2000 (екі мыңға еселенген) айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бір номинация бойынша сыйақы бір немесе бір уақытта бірнеше үміткерге беріле алады, мұндай жағдайда сыйақы жеңімпаздар арасында тең мөлшерде бөлінеді.

Сыйақылар ҮЕҰ-ның институционалдық дамуына, ұйымның жарғылық мақсаттарына, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, ұйымның материалдық базасын арттыруға бағытталмақ.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.

Сыйақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ұсынуды үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бір үкіметтік емес ұйым сыйақыны алуға бір номинациядан артық ұсына алмайды. Сыйақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді. Сыйақылар жыл сайын әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген үкіметтік емес ұйымдарыға он бес номинация бойынша беріледі.

Сыйақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде қабылданады. Бұл туралы толық ақпарат ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында танысуға болады.

Айта кетейік, алғашқы сыйақы мынандай бағыттар бойынша тағайындалады: білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; демография проблемаларын шешу; гендерлік проблемаларды шешу және т.б.


 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 07.08.2017, 17:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31