Қоғамдық палата

Министрлік ҮЕҰ мен азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырады

  • Министрлік ҮЕҰ мен азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырады

    Министрлік ҮЕҰ мен азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырады

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті. Оған облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында әлеуметтік салалардағы түрлі бағыттармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың 200-ге жуық өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Алаш айнасы.


Отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, ҮЕҰ үшін сыйлықақы тағайындау, сонымен қоса азаматтық сектор үшін ҮЕҰ мәліметтер базасын алдын ала таныстыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында А.Нүкенов Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты шеңберінде іске асырылып жатқан «Атамекен» бағдарламасы туралы баяндады.

«Жалпы, «Атамекен» бағдарламасы азаматтарды туған елдегі өзекті мәселелерді шешу үшін өздерінің күштерін біріктіру мен белсенділігін арттыруға бағытталған. ҮЕҰ мен азаматтарды оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын» - деп атап өтті А.Нүкенов.

Министрлікпен аталған бағдарлама шеңберінде 2 негізгі бағыт пысықталуда: біріншісі, «Әлеуметтік бастамалар картасы», бұл меценаттың, мемлекеттік органдардың, бизнестің, волонтерлердің, ҮЕҰ мен азаматтардың қатысуын қажет ететін аймақтық жобалардың ашық интерактивті базасы болып табылады. Бүгінгі таңда, Картаға аймақтардың ұсыныстары негізінде 83 жоба енгізілді. Жобаның таныстырылымы қазан айында өтеді.

Екіншісі, тұрғындарды, бизнес-құрылымның өкілдерін, меценаттарды, ҮЕҰ мен волонтерлерді өз отанын, сонымен бірге тұтастай мемлекетті дамытуға қатысуға ынталандыру, марапаттау және ынталандыруға бағытталған «Жомарт жүрек» жобасы.

ҮЕҰ өкілдері «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасына қызығушылық танытып, осы жобаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді және оларды одан әрі іске асыру жөнінде пікірлерімен алмасты.

Сонымен қоса, отырыс барысында ҮЕҰ-ға infonpo.kz - ҮЕҰ-дың мәліметтер базасының онлайн-порталы ұсынылды. Интернет-порталдың презентациясы осы жылдың күзіне жоспарлануда.

Сонымен бірге, іс-шарада ҮЕҰ-ға сыйақы тағайындау бойынша мәселелер талқыланды. ҮЕҰ сыйақы тағайындау үшін ұсыныстар 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданбақ. Бұл жөніндегі толық мәліметті Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтынан алуға болады.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 18.08.2017, 12:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31