Қоғамдық палата

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

  • «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

    «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі талқыланды. Партия бұл жұмысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп атқарып келеді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шпекбаев Қазақстанда білім беру саласының маңызы әрдайым жоғары болғандығын баса айтты. Тек соңғы он жылдың ішінде аталған саланы қаржыландыру 2,5 есеге өсті. Соған қарамастан білім саласындағы жемқорлық көбейіп кеткені де тілге тиек болды.

"Мәселен, бұрынғы вице-министр Саят Шаяxметовтың қатысуымен іске асқан жемқорлық әрекеті үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Аталған іс бойынша мемлекетке келген шығын 1,5 млрд теңгені құрады. Ақтөбе облысында білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаев үш жылға сотталды. Ол аттестацияның оң шешімі үшін педагогтардан ақша жинаған. Сөйтіп облыстағы төрт мектептен 1,5 млн теңге пара алды. Павлодар облысында бірыңғай ұлттық тестілеуді сәтті тапсырғаны үшін ақша жинау фактісі де анықталды. Оны Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Нұржамал Мақұмова ұйымдастырған. Ол қаладағы барлық 45 мектеп директорынан 100 мыңнан жинап, 4,5 млн теңге көлемінде пара алды. Директорлар болса, ақшаны ата-аналардан жинауға мәжбүр болды", - деді Шпекбаев.


Жиынға қатысушылардың пікірінше, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың экономикалық негіздерін жойып, бюджет қаржысын пайдалануға, мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік мүлікті қолдануға бақылауды күшейту, академиялық адалдық негіздерін енгізіп, түрлі рұқсат беру процедураларын қысқартуды жалғастырып, жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашып, мектеп және мектепке дейінгі тәрбие мекемелері директорларын конкурстық іріктеу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында 138 сыбайлас жемқорлық мәселесі тіркелген, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 4%-ға өскен.
Бүгінде академиялық әділдігі жоғары, яғни сыбайлас жемқорлықты барынша азайтқан жоғары оқу орындары бар екенін айта кеткен де жөн.


Сонымен қатар «Абыройлы ұстаз» жобасының тұсауы кесілді. Аталған жоба шеңберінде үлгілі, адал ұстаздар туралы студенттер дайындаған үздік бейнероликтер Агенттік тарапынан марапатталамақ.


 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 28.07.2017, 22:35

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30