Қоғамдық палата

«Нұр Отан» партиясы төрт министрлікпен меморандум жасасты

  • «Нұр Отан» партиясы төрт министрлікпен меморандум жасасты

    «Нұр Отан» партиясы төрт министрлікпен меморандум жасасты

«Нұр Отан» партиясы төрт министрлікпен меморандум жасасты. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірігіп жұмыс істеп, серіктес болу жөнінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия мен Инвестиция және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктері арасында меморандум жасалды. Құжатқа «Нұр Отан» партиясы тарапынан партия хатшысы Фархад Қуанғанов қол қойды.

«Бұл меморандум қазақстандық мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосымша фактор болуы тиіс», - деді партия хатшысы. Сонымен қатар ол «...Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Нұр Отан» партиясына мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру қалпын жақсартуға тапсырма берді. Соған орай, 2014 жылы партия «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыруды бастады», - деп атап өтті.




Жобаның негізгі бағыты - «кедергісіз аймақ» құру, инклюзивті білім беруді дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың құқықтарын неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін заңнаманы жетілдіру.

«Нұр Отан» партиясы Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Партиялықтардың мәліметінше, жоба жүзеге асырылып келе жатқан үш жылда нақты нәтижелерге қол жеткізді. Жоба аясында 455 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен 11 мың шара өткен. Атап айтсақ, жұмыспен қамту жәрмеңкесіне 34,5 мың адам қатысып, 9 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары тексерілді. Ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың мәселелерін шешу үшін 4 мыңнан аса қабылдау өткізіліп, олардың құқықтарын қорғауға байланысты 400 диалогтық алаңдар, консультативтік органдардың кездесуі өткен.

«Бүгінде елімізде 645 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оларды «қолжетімді ортамен» қамтамасыз ету – Қазақстан үшін маңызды міндеттердің бірі», - деді Фархад Қуанғанов.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында қоғамдық шараларды бақылау айлығы басталғаны да хабарланды. Акцияның негізгі мақсатының бірі - әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімділік мониторингін жасау. Бақылау айлығында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде оларды тақырыптық қабылдау жұмыстары жалғасады.


Таңат Жайлау




Көрілген: 413    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 01.07.2017, 09:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30