Қоғамдық палата

«Нұр Отан» партиясында БҒМ вице-министрі азаматтарды қабылдады

  • «Нұр Отан» партиясында БҒМ вице-министрі азаматтарды қабылдады

    «Нұр Отан» партиясында БҒМ вице-министрі азаматтарды қабылдады

«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған қоғамдық қабылдауға Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова келіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Қабылдауға жазылған 12 азамат, негізінен, мемлекеттік грант алу, жоғары категория алу және балаларын балабақшаға, мектепке орналастыру мәселелері бойынша келген.

Ергежейлі жандардың жұмысқа орналасуы өте қиын. Осылай деген 26 жастағы Астана тұрғыны Перизат Әбілдаева бүгін «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрады. Арнаулы білімі бар азаматшаның қабылдауға келген мақсаты - жеңілдікпен жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алу. Екінші топ мүгедегі онсыз жұмысқа орналаса алмаймын деп отыр.

– Мен "Нұр Отанға" үлкен үмітпен келіп отырмын. Өйткені "Нұр Отан" партиясы бәріне көмек беріп жатыр ғой енді. Грантқа, жоғары білім алуыма көмектесетін шығар деген үмітпен келіп отырмын, - дейді Перизат Әбілдаева.

Өз кезегінде Бибігүл Асылова кешенді тестті 19-24 тамыз арасында ақылы түрде қайта тапсыруға кеңес берді. Ал егер түсе алмай қалса, министрлік тарапынан жұмысқа орналасуға көмек болатынын айтты. Сонда да еңбекпен қамту орталығына барып, бос жұмыс орындары орталығына тіркелу керектігін де айтып өтті.

Ал бейнебайланыс арқылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласынан байланысқа шыққан Галина Айтжанова кәсіби біліктілігін көтеруге арналған сертификатының расталмай қалғанын айтады. Галина Айтжанова 25 жылдық еңбек өтілінің, 20 жылында мектеп-интернатында технология пәнінің мұғалімі болып істеген және қазір де сол мектепте еңбек етіп келеді.

- Биыл сәуір айында біліктілікті жоғарылатуға арналған аттестациядан өтіп, I санатты категорияға ие болдым. Сертификатты растайтын отырыс мамыр айында өткен. Алайда бізді ол отырысқа шақырған жоқ. Енд сертификатым жарамсыз болып отыр, - деді ол.

Вице-министр бұл жағдайда категория алуға арналған курсты осы жылы қайта өту керектігін айтты. Ол үшін мектептің әкімдігіне қайта өту туралы өтініш беру қажет.

3 баласын бір өзі асырап отырған Эльмира Әділдаева үлкен екі қызын Астанадағы бір мектепке орналастыра алмай жүр. Оның басты себебі балаларының тіркелген орны сәйкес келмейді. Вице-министр арызданушы орналастырғысы келген мектептен бос орындардың бар-жоғын сұрайтынын айтты.

Осындай түйткілді мәселелелерді шешу үшін партиялықтар барлық мүмкіндікті қарастырып азаматтарға көмектеспек.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 14:19

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31