Қоғамдық палата

«Нұр Отанда» жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру жобасының орындалуы талқыланды

  • «Нұр Отанда» жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру жобасының орындалуы талқыланды

    «Нұр Отанда» жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру жобасының орындалуы талқыланды

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясаттың басымдығы - адами капиталға инвестицияны дамытуға негізделеген. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті жолдауында осылай мәлімдеген еді. «... Білім беру де, денсаулық сақтау салалары да - бұл біздің болашағымыз, бұл - біздің азаматтар. Сондықтан да, қазір, осы мінберде тұрып 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жариялаймын», - деген болатын Президентіміз.


Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарап келе жатқан еліміздің бас партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» және «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына көмек көрсету» бойынша партиялық кураторлар комиссиясының отырысы болды. Партиялық куратор, Парламент Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық еткен жиын барысында «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Жиынға депутаттар, Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, жоғары оқу орындарының өкілдері және басқалары қатысып отырды.


Білім бағыты бойынша комиссия мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақыткүл Хаменова аталған бағдарлама әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға баласын оқыту үшін ыңғайлы бағдарлама екенін ескерді. «Бұрын 2 жыл 10 ай жұмысшы мамандығын 3 жыл 10 ай қосымша менеджерлік мамандықты алатын болса, ендігі ретте модульдік оқыту арқылы 3 жыл 10 айда білім алушы бірнеше мамандықты алып шыға алады. Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру 2017 жылдың қыркүйек айынан бастау алды. Дей тұрғанмен, жаңа бағдарламаға сәйкес жаңа талаптар, жаңа нормативті құжаттар керек», – деп атап өтті ол.


Мамандықтар бойынша модульдік технология негізінде стандарттармен оқу жоспарларында бірізділіктің әлі де болса, болмай жатқанын да тілге тиек етті. Алайда бүгінде Мәжіліс қабырғасында Білім және ғылым министрлігіндегі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшылығымен жаңа форматта жұмыс жүргізіліп жатқанын және аталмыш мәселе департамент мәліметіне сай бір аптадан соң шешімін тауып, барлық колледжге тиісті құжаттар жеткізілетінін айтты.


Айгүл Нұркина елімізде тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары жүргізіліп жатқанына қарамастан, еңбек нарығында қажетті кадрларды даярлау, олардың жұмысқа орналасуы, жұмыссыздықты азайту мәселелері әлі де өзекті болып отырғанын жеткізді. - Еңбек ресурсының аймақтық балансының болмауынан, көбіне еңбек нарығында сұраныста жоқ кадрларды дайындап жатырмыз. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша соңғы жылдары еліміздегі жұмыссыздық деңгейі төмендегенмен, кейбір аймақтарда жағдай мәз емес. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы қаласында жұмыссыздық деңгейі жалпы республикалық деңгейден асып түсіп отыр. ОҚО-да жастар жұмыссыздығы былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9-дан 5,5 пайызға өсіп кеткен. Бұл әлі күнге дейін шешілмей жатқан еңбек ресурсының территориялық теңгерімсіздігінен туындап отырған мәселе, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты.


Техникалық мамандықтар мен маркетинг саласындағы мамандықтарға Алматы қаласында  сұраныс артып отыр. Еңбек нарығында экономистер, қаржыгерлер, заңгерлердің көп болуына байланысты Алматы қаласындағы ЖОО түлектерінің 30 пайызға жуығы жақын арада жұмысқа орналасу қиындығына тап болуы мүмкін екен.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 12:13

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30