Қоғамдық палата

Нұрлан Ноғаев қоластындағыларға трайбализмді ұмытуға кеңес берді

  • Нұрлан Ноғаев қоластындағыларға трайбализмді ұмытуға кеңес берді

    Нұрлан Ноғаев қоластындағыларға трайбализмді ұмытуға кеңес берді

Атырауда басқа облыстардан дәрігер мамандарды тарту туралы ұсыныс айтылды. Мұндай ұсынысты бүгін, 14 наурызда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Облыс басшысы өз сөзінде медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмен екенін айтып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Біздің клиникалар жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген, алайда бұдан жұмыс сапасы жақсарып жатқан жоқ. Сапасыз жұмыстың себебін анықтайтын кезде барлығы бір-біріне жаба салады. Ешкім жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Осылай болатын болса, біз облыстағы денсаулық сақтау жүйесін өзгертеміз. Басқа өңірлерден мамандарды шақырайық. Мүмкін науқастармен олар дұрыс жұмыс істей алады. Еліміздің оңтүстігінен немесе солтүстігінен жұмыс істеуге келген мамандарға қиқаюдың қажеті жоқ. Бұл - трайбализм. Барлығымыз бір елдің азаматтарымыз. Облысымызда денсаулық сақтау саласында мамандар жетіспей жатса, осында басқа өңірлердегі мамандарды тартамыз", - деді Ноғаев.


Сондай-ақ, Ноғаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке бизнесмендерді тартып, оларды алдағы жобаларға тартуды күшейту керектігін айтып өтті.


 


 




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.03.2017, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31