Павлодар облысының киелі орындарының тізімі жасақталуда

Павлодар облысының киелі орындарының тізімі жасақталуда

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық жобалар кеңсе өкілдерімен жиын өтті. Кеңес жұмысына облыстық партия филиалы және барлық аумақтық филиалдар өкілдері қатысты.

Жобалар кеңсесінің өкілі Динара Айтжанова қатысушыларға атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндап берді.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргеннен кейін жүзеге асырыла бастады. Жұмысымыздың басым бағыттарының бірі «Павлодар облысының киелі географиясы» жобасын жүзеге асыру болып табылады. Жұмыс кезінде мемлекеттік органдардың ешқайсысы бұл мәселемен айналыспайтыны анық болды. Бізге бастапқыда 7 киелі орынның тізімі берілді. Мұны аз деп санадық. Ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер көмегіне жүгіндік. Жұмысқа кірісіп, мұндай орындардың 3 өлшемдерін белгіледік: ортағасырлық тарихи орындар, діни ғимараттар мен тарихи оқиғалар орындары. Нәтижесінде қазіргі кезде 48 нысанның тізімін жасадық. Бұл тізімді кеңейту мақсатымен партиялықтардан көмек сұраймыз, - деді ол.

Партия Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауан Жантелиев аталмыш тізіміге енгізуге лайық тағы екі орынды ұсынды. Ол Баянауыл ауданындағы Күреңбай сыншы мен Екібастұз маңындағы Қосын Пішембаевтің зираттары. Сондай-ақ, ол бұл мәселеде мемлекеттік органдардың емес, ақсақалдардың ақылына көбірек жүгіну керектігі жөнінде пікір айтты.

Илья Теренченко бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігі жөніндегі ұсынысты қолдап, партия аумақтық филиалдарына жобалар кеңсесіне барынша жәрдем көрсету туралы тапсырма берді.

– Тек Баянауылдың мысалын алайық. Көпшілік өңірдегі тарихи орындар туралы ештеңе білмейді. Баянауылға көлде шомылу үшін барады. Тарихи ескерткіштерді барып көру рухани азық береді. Бұл өте маңызды, - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста