Қоғамдық палата

Павлодар тұрғыны коммуналдық қарызы үшін пәтерінен айырылды

  • Павлодар тұрғыны коммуналдық қарызы үшін пәтерінен айырылды

    Павлодар тұрғыны коммуналдық қарызы үшін пәтерінен айырылды

 Коммуналдық қарызы бірнеше жүз мың теңгеден асып жығылған керекулік азамат баспанасынан айырылып қалды, деп хабарлайды Астана арнасы.


«Павлодарэнергосбыт» компаниясының мәліметінше, борышкердің пәтері электронды аукционда саудаға қойылған. Аймақта коммуналды қызмет үшін қарызданған азаматтар жеткілікті.


Жеті жүз мың теңгеден асып жығылатын коммуналдық қарыз павлодарлық тұрғынды баспанасыз қалдырды. Ол жарық пен жылудың ақысын 10 жыл бойы төлемеген. Екі бөлмелі пәтер наурыздың басында аукционға қойылды.


«Борышкерге қордаланған қарызды төлеу туралы ескерту хат жібердік. Кездесу өткіздік. Алайда, нәтиже шықпады. Сондықтан тыйым салынған мүлікті сату арқылы ақшаны өндіріп алу жөнінде Павлодар қалалық сотына шағым түсірдік. Бұл өтінішімізді сот қанағаттандырды», – дейді «Қорғау» заңгерлік агенттігінің өкілі Александр Ефременко.


Екі бөлмелі пәтердің екі қожайыны бары анықталды. Баспана оларға мұрагерлік құқықпен келген,- дейді жеке сот орындаушы Ерлан Оңтаев. Борышкердің бірі сол пәтерде тұрады. Отбасылы, екі баласы бар. Екіншісі бұл үйден баяғыда көшіп кеткен. Атқару құжаттарының талабын заңнамаға сәйкес орындамағандықтан, бұл азаматтарға бірнеше мәрте ескерту жіберілген. Бірақ пәтер иелері қарызды жабуға асықпапты.


«Кемтар емес. Есі дұрыс. Дені сау. Аяқ-қолы бүтін азамат. Төлемеу себебін жұмыспен қамтылмауымен байланыстырды. Басқадай мүлкі немесе ақшасы, активтері жоқ болғандықтан сот шешімін орындамай, қарызға батқан. Қаланы энергиямен қамтитын кәсіпорынның ақпарына сай, Павлодарда жылу мен электр қуаты төлемінің мерзімінен өткізіп алған тұтынушылар жеткілікті. 1 наурыздағы жағдай бойынша, 313 жеке тұлғаның коммуналдық борышы 230 млн 344 мың теңгеге жеткен. 51 заңды тұлға жылуға 360 млн 591 мың теңге қарыз. Ал, 14 заңды тұлғаның жарыққа қарызы 52 млн теңгеге жақындапты», – дейді жеке сот орындаушы Ерлан Оңтаев.


Салғырттығының салдарынан пәтерінен айырылған тұрғынға сот орындаушылары тиісті құжаттарды жібергенін айтады. Алайда, олар баспананың аукционда сатылуына қарсылық білдіріп, сотқа қайта шағым түсіруге ниетті екенін жеткізген. Негізгі қарыз көлемі 700 мыңнан асса, сот шығындарын қосқанда, бұл сома 1 млн теңгеге жуықтаған.

 


Baq.kz


 




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.03.2017, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30