Қоғамдық палата

Республикалық қоғамдық кеңестердің келелі жиыны өтеді

  • Республикалық қоғамдық кеңестердің келелі жиыны өтеді

    Республикалық қоғамдық кеңестердің келелі жиыны өтеді

  • Республикалық қоғамдық кеңестердің келелі жиыны өтеді

    Республикалық қоғамдық кеңестердің келелі жиыны өтеді

Қоғамдық кеңес халық пен биліктің арасындағы алтын көпір сияқты. Өйткені кеңес мүшелері билікке жұрттың талап-арызын, мұң-мұқтажын жеткізіп, дұрыс шешім қабылдануына ықпал ете алады. Қоғамдық кеңес туралы заңда қоғамдық кеңестер "қоғамдық мәні бар мәселелерде азаматтық қоғам пікірін білдіреді" деп көрсетілген. Сондықтан да қоғамдық кеңестердің бүгінгі таңда атқарып отырған істері өте ауқымды әрі тиімді деп айтуға болады.

Биылғы 13 қараша күні Астана қаласында қоғамдық кеңестердің I Республикалық мәжілісі өтеді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 500 делегат қатысады, оның ішінде қоғамдық кеңестердің төрағалары, Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының және Парламентінің депутаттары, сарапшылар, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырып отыр.


Қоғамдық кеңестің бірінші республикалық мәжілісін өткізудегі басты мақсат - қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша оң тәжірибе мен ұсыныстарды ортаға салу, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың одан әрі ынтымақтасу тетіктері мен бағыттарын анықтау.

Қазақстанда Қоғамдық кеңестер 2016 жылы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың нысаны ретінде құрылды. Аталған мемлекеттік емес институттар - мемлекеттің ісіне қоғамның ықпалын тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық мүмкіндіктерді қалыптастыруды көздейтін, сондай-ақ, мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыруда (Олардың 16-ы республикалық деңгейде, 213-і өңірлік деңгейде жұмыс істейді). Еліміз бойынша Қоғамдық кеңестердің құрамына 4 055 адам мүше, оның 818-і үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Осы мәжілісте көптеген келелі мәселелер мен қатар Үкіметтік емес ұйымдардың атқарған істері мен алдағы жоспарлары талқыланып, өте тиімді шешімдер қабылданатыны даусыз.


Алаш айнасы




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.11.2017, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30