Қоғамдық палата

Семейді дамытудың үш жылдық бағдарламасы қабылданды

  • egemen.kz

    egemen.kz

Семейде облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен облыстық әкімдіктің көшпелі отырысы өтті. Жиынға қаланың зиялы қауымы, аудан, қала әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала мекемелерінің өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.


Қала әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша,бүгінгі таңда Семейді дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған ауқымды жобасы 4 саланы қамтып отыр. Бұл тұрғын үй құрылысын жаңғырту, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылықты реттеу мәселелері. Соған орай барлық деңгейлі бюджеттен 113 млрд теңге қарастырылған. Жыл сайын Семейдің жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Көшпелі отырыста жаңадан салынатын «Абай Арена» кешенінің үлгісін слайд арқылы көрсетіп таныстырған облыс әкімі Даниал Ахметов былай деді:


– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы халықтың эконо­микалық әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңадан даму, жаңғырту жол­дарына да арналып отыр. «Абай Арена» кешені Семейдің мәдени-спорттық, сауықтыру бағытындағы тыныс-тіршілігіне ерекше леп бермек. Бұл халықаралық талапқа сай нысан әрі 5 мың көрерменге арналған орны бар. Бізде осы кешеннің техникалық-экономикалық жобасы дайын. Құрылысы Қарағайлы шағын ауданында жүреді. Осы кешен арқылы Семей еліміздің өзге қалаларынан ерекше болып көрінетін болмақ. Бұл Семей қаласының 300 жылдығына арналып отыр. Аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.


Семей экономикасының маңызды саласы агроөнеркәсіп болып табыл­ғандықтан, ауылшаруашылық өнім­дерін өндіру 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артқан. Салада мал өсіріп, ет өндіруде асыл тұқымды малдарды өсіруге аса зор мән берілуде. «Көпежан» шаруа қожалығында тауарлы-сүт фермасы қолданысқа берілсе, «Нұр» шаруашылығында ферма құрылысы аяқталып қалды. Қала тұрғындары сенбі сайын тұрақты өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен, құнарлы әрі экологиялық таза деп саналатын жергілікті өнімдерді қолжетімді бағада сатып алып отыр. 


egemen.kz




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.03.2017, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Мамыр 2017
    Audi арба (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30