Қоғамдық палата

Шымкенттік бизнесмен ОҚО әкімінен ұялғанынан балабақша салуға кіріскен

  • Шымкенттік бизнесмен ОҚО әкімінен ұялғанынан балабақша салуға кіріскен

    Шымкенттік бизнесмен ОҚО әкімінен ұялғанынан балабақша салуға кіріскен


Шымкенттің экс-әкімі, меценат Қайрат Молдасейітов ОҚО әкімі Түймебаев сахнаға мақтап шығарып, құрмет көрсеткенінен соң денсаулығында кінәраты бар балалар үшін балабақша салып беретін болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.



 




Шымкенттік бизнесмен ОҚО әкімінен ұялғанынан балабақша салуға кіріскен

ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ. ФОТО: NUR.KZ



Шымкентте 110 орындық балабақшаның іргетасы қаланды. Бұл ғимараттың өзгелерден ерекшелігі тірек-қозғалысы бұзылған және психикалық дамуында шектеу бар балаларға арналған.


Нысан құрылысын кәсіпкер Қайрат Молдасейітов өз мойнына алып отыр. Айтуынша, жер телімін жергілікті әкімдік үлестіріп берген. Құрылысқа шамамен 280-300 млн теңге жұмсамақшы.


Жоспар бойынша бір жылда аяқталып қалады деген нысанды қалталы азамат жыл соңына дейін тапсыруға тырысамын деп отыр. Ғимарат толық салынып біткен соң оны мемлекет меншігіне өткізеді.




<video id="yaVideoPlayer_358278" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" style="max-width: 100%; height: auto; background-color: rgb(0, 0, 0);"></video>



Мектепке дейінгі мекеменің іргетасын қалау шарасына облыс әкімі Түймебаев мырзаның өзі қатысты.


 




Шымкенттік бизнесмен ОҚО әкімінен ұялғанынан балабақша салуға кіріскен

ФОТО: NUR.KZ



Өз сөзінде кәсіпкер аймақ басшысына ағынан жарылғаны соншалық, балабақша салуға не түрткі болғанын да жайып салды.


«Жансейіт Қансейітұлы, өзіңіз жақында бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының атқамінерлерін, жазушы-ақындарын жинап, «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» деген шара өткізген болатынсыз. Менің ойымда осы ғимаратты салу бұрыннан жүрген болатын.


Бірақ сол кезде (автор: «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» шарасы кезінде) тәуекелге бел бууға тура келді. Мақтап сахнаға шығарған кезде «қой, біз де құр қол келмейік» деп сол кезде уәде бергенбіз», - деген меценат мүмкіндігі шектеулі жандарға деген аяушылық сезімін де жеткізді.


«Біз мүмкіндігі шектеулі балалар» деп айта саламыз. Оның астында қаншама қайғы-қасірет, қанша қиыншылықтың жатқанын барлығымыз білеміз деп ойлаймыз.


Сондықтан біздің салған мекеме сол балалардың өмірге, қоғамға бейімделуіне аз-маз себебі тиіп, үміт отын соларға сыйласа - оның өзі біз үшін үлкен бақыт деп ойлаймын. Сол кісілердің ата-аналарына қайғы-қасіретін аз-маз болса да жеңілдете түседі деп сенемін...», - деді Қайрат Молдасейітов.


 


 

 





<video id="yaVideoPlayer_222464" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" style="background-color: rgb(0, 0, 0);"></video>




 

 


 









Көрілген: 414    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 04.06.2017, 15:25

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
21 Мамыр, 13:57
Audi арба (видео)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30