Талдықорғанда 300 орынды аурухана ашылды

Талдықорғанда 300 орынды аурухана ашылды

Бүгін Талдықорған қаласында Талдықорған қалалық көп салалы аурухана ашылды. Салтанатты жиында қалалықтарды осы маңызды жаңалықпен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Дәл осы күні аталмыш ауруханаға жұмысқа шақырылған қызметкерлердің 7-еуіне жаңа пәтер кілттері берілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде облыс басшысы өңірде мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде халықтың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
- Бүгін«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Талдықорған қалалық көп салалы аурухананы ашуға жиналып отырмыз. Бұл - тек қалалықтар үшін ғана емес, облыс халқы үшін аса маңызды жаңалық. Салынып жатқан кезінде бірнеше рет келіп, құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайттым. Бүгін, міне, мемлекет қолдауының нәтижесінде жоспарымыздың орындалғанына куә болып тұрмыз. Жетісулықтар енді заманауи ауруханада емделетін болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасындаәрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр. Облыс тұрғындарының саулығын үшін медицина мамандарының бар білімі мен білігін салуына бүгінгі ашылып отырған аурухана зор мүмкіндіктер береді деп сенемін. Мұндағы ең озық медициналық құрал-жабдықтарды күтіп ұстап, халықтың игілігіне жаратыңыздар, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Осындай құттықтау сөзді әріптестеріне медицина қызметкерлері де арнады. Олардың арасында денсаулық сақтау саласының ардагері Шаймерден Садықов және аурухана дәрігері, уролог Асқар Садықов та бар. Олар осындай ауқымды, толық жабдықталған, медицина мамандарының нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған жаңа аурухана үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз істерін мінсіз атқаратындарына сендірді.
Салттанатты жиында «Астана Құрылыс» компаниясының бірінші вице-президенті Қайрат Тандықбаев аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолдановаға ғимараттың символикалық кілтін тапсырды.
Облыс әкімі А. Баталов өңір ардагерлерімен бірге жаңа аурухананы аралап, қонақтарды ондағы құрал-жабдықтармен таныстырды, емделушілермен тілдесті.
Талдықорған көп салалы ауруханасының құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген. Аурухана жалпы құны 4 094 млн. теңге болатын заманауи медициналық құралдармен, техникалармен жабдықталған. Кадрлық құрамы - 676 бірлік, оның 143-і - дәрігерлер.


Ғимараттың жалпы алаңы 33 885,6 шаршы метрді құрайды. Ауруханада стационарды алмастыру, станционарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана құрылымында терапия, хирургия, политравмажәне қалпына келтіру ортохирургиясы, нейрохирургия, миниинвазивті хирургия, оториноларингология және жақ-бет сүйек хирургиясы, урология және офтальмология бөлімдері жұмыс істейді. Құрал-жабдықтардың ішінде – магнитно-резонанстық томография, эксимерлік лазер, барокамера, эндобейнехирургиялық құрылғы және басқа да жабдықтар бар.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста